Сен тұр - мен айтайын!

Әкелер-ау, не болып барасыңдар?

  • Әкелер-ау, не болып барасыңдар?

    Әкелер-ау, не болып барасыңдар?

 Үшінші сыныпта оқитын ұлымның апайы жиналысқа шақырды. Бұл жолы өзгеше жиналыс. Тек қана әкелер келсін деген тапсырма бар. Мектепке барсам он бес әке келіп отыр екен. Көп жиналыпты жақсы ғой деп ойладым. Сөйтсем мектеп бойынша үшінші сыныптар бесеу болатын. Сол жүз жирма бес оқушыдан жиналған он бес адам екен.

Завуч сөйледі, сынып жетекшілері сөйледі. Сөз әкелерге де берілді. Жалпы отбасыдағы әкенің орны туралы сөз болды. Небір сөзге шешен әкелер бар екен. Содан соң зәвушіміз әкелерге сұрақ қойды:

- Айтыңдаршы балаларыңды қалай еркелетесіңдер?

Әркім үйдегі еркелетіп жүрген сөздерін шұбырта жөнелді. «жаным» «күнім» «көкем» «алтыным» «жапырағым» «папасының баласы» «атасының баласы» тб. Осы кезге дейін аузымнан «айналайын» шығып көрмеген мен ғана сабақ оқымай келген оқушыдай басым салбырап отырмын. Зәвушіміз де қу екен: Рақмет, ал енді ашуланғанда не деп ұрсасыңдар деп сұрады. Сол кезде ғана әкелердің ауыздарына құм құйылды)))

Бір кезде бір әке орнынан тұрып:

-Мен балаларыма ұрса алмаймын. Айтқанды тыңдамай жатса мамаң келген соң мамаңа айтам деймін, - деп бәрімізді қара жерге тыққаны..

Зәвуш елуден асқан, өте ақылды әйел адам еді. Кінәлай сөйлеп онсыз да кірерге тесік таппай отырған бізді жер қылды:

-Баяғыда біз «әкеңе айтам» деген сөзді есіткенде жанымыз шығып кететін, қазіргі әкелер ау, не болып барасыңдар? Ұрпаққа қандай тәрбие беріп отырсыңдар? Деген сияқты біраз сөзді айтты.

Ал осыдан соң біздің үйде ондай емес екенін дəлелдеп көр, бос мақтан сияқты қабылданатын болған соң үндемедім. Әлгі әкеге жаным ашып, әрі ренішпен бір қарап шығып кеттім..


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 3104    Пікірлер: 0

сенбі, 17.03.2018, 21:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30