Сен тұр - мен айтайын!

Ақиқатында баланың ойыны – ойын емес, өмір

  • Ақиқатында баланың ойыны – ойын емес, өмір

    Ақиқатында баланың ойыны – ойын емес, өмір

Жиен сіңілім жаз бойы біздің үйде, яғни нағашыларында болатын. Тете өскендіктен бірге ойнаймыз, етене жақын, бауырдай болып кеттік. Түрлі өлшемдегі ақшасын сөмкесіне толтырып, бірдеңе сатып алып, сыйлап жүретін. Қауын-қарбыздың суын коктейль етіп сатып, шықырлатып ақша санап алып, қалдық қайтарып отыратын. Шықырлаған ақшасы – сол баяғы түрлі пішіндегі жапырақтар немесе 9 ай бойы жазғаннан қалған дәптерлерден арнайы қиып, қаламсаппен әдемілеп жазып қоятын қағаздар. Қандай ойын ойнасақ та, цифрларды қатыстырып қоятын. Сөйтіп ойнаған жиенім – қазір жоғары білімді, сол саланың соңына түскен математик.

Бір ақын балалығын еске алғандағы әңгімесінде: «Мен бала күнімде қуыршағымды алып, өзіммен-өзім, басқа балалардан бөлек, ешкімге қосылмай, жалғыз ойнаушы ем. Ал басқа бауырларым, бір-бірімен, отбасы боп, араласып-құраласып ойнағанды ұнататын. Қазір солардың бәрі адамдармен қарым-қатынас жасайтын жұмыс істейді, мен түннің бір уағында тұрып алып өлеңіммен сырласамын. Ойлап отырсам, сол сәтте-ақ бүгінгі бейнемді ойнаған екем», – деп еді.

Бәріңіз білетін Тұрсынбек Қабатов бала күнінде қой бағып жүріп: «Сахнада Тұрсынбек Қабатов!» – деп хабарлайды екен. «Қиялымдағы сахнада өнер көрсететінмін, адамдар мәз боп, шулап, қошеметтеп шапалақтайтын», – деп, балаң қиялын, бала ойынын ойға алады.

Елге танымал бір дизайнердің сұхбатынан оқығаным бар еді, ол бала күнін: «Мен кішкентай кезімде әдемі көйлектер кигенді ұнататынмын. Әсемдікті, көркемдікті қалайтымын. Қуыршағыма неше түрлі киімдерді қолдан тігетінмін. Сол әрекетімнен рахат табатынмын», – деп еске алады. Міне, бала күнгі әрекетінен есейгенде де ләззат алып жүр, айырмашылығы – адамдарға тігеді.

Біз назар салмайтын, көңіл аударуға тұрмайтындай санайтын бір дүние бар, ол – баланың ойыны. Балалар, шын мәнінде, келешек күнінің көрінісін көрсетеді, ересек шағындағы рөлін ойнайды. Рас, бұл есейген бейнесіндегі бүкіл болмысын бере алады дегенге 100 пайыз кепілдік емес. Мүмкін бағытын мүлде басқа арнаға бұратын болар, дегенмен сол ойындағы бір қасиетін, бір көзқарасын, бір әрекетін сөзсіз алады екен. Ақиқатында баланың ойыны – ойын емес, өмір.

Ал біз «балалар ойнап жатыр» дейміз, иә…


Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 623    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

дүйсенбі, 05.02.2018, 13:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28