Сен тұр - мен айтайын!

Ақыры қыз болғың келед екен, дауысыңды да шіңкілдетіп шығарсайш

  • Ақыры қыз болғың келед екен, дауысыңды да шіңкілдетіп шығарсайш

    Ақыры қыз болғың келед екен, дауысыңды да шіңкілдетіп шығарсайш

Абай-Байтұрсынов көшелерінің қиылысында құрбым тұрады. Сол үйден шығып құрбым екеуміз сөйлесіп тұрғанбыз. Көрші подъезден 3 қыз шықты. Қыз емес, қуыршақ дерсің. Шаштары ұзын, жылтыраған, қара кожаный шалбарда, қысқа күрте, биік өкше аяқ киім. Фигуралары жіптіктей, ана жылтыр қара шалбар бұттарына тырысып жабысып, дың-дың әдемі. Жанымыздан өткенде шанель иіс суы бұрқ ете қалды. Керемет керім көрінеді. "Оh, қыздар қыдыруға кетті. Бүгін түнгі клубтың сәні әрі мәні болады үшеуі" дедім құрбыма. Күтім көрген әдемі, ұзын,қап-қара шаштарына қызығып қарадым. Аяқ киімдерінің өкшесі тым-тым биік екен. "Шаршайды-ау мынамен, таң атканша жүрсе" деп кәдімгідей талдап тұрмын. Әлгілер жолдың шетінде такси ұстай бастады. Мен де құрбыммен қоштасып, такси тоқтатуға кірістім. Ана үш қыз жолдың арғы бетіне өтуге ыңғайланды. Екеуі тез жүгіріп өтіп кетті де, сәл артта қалған үшіншісі "ей, подождите меня!" деп айқай салмасы бар ма... селк еттім. Жігіт! Дауысы гүр ете қалды. Инфарк боп құлай жаздадым. Атаңәлет оңбаған-ай! Ақыры қыз болғың келед екен, дауысыңды да шіңкілдетіп шығарсайш. Елді шошытпай. Уф, жүрегім.


Марал Киокушинкай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2703    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.03.2018, 12:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30