Сен тұр - мен айтайын!

Алаш қайраткерлерінің жапондарды неге үлгі тұтқанын енді түсіндім

  • Алаш қайраткерлерінің жапондарды неге үлгі тұтқанын енді түсіндім

    Алаш қайраткерлерінің жапондарды неге үлгі тұтқанын енді түсіндім

Алаш қайраткерлерінің жапондарды неге үлгі тұтқанын енді түсіндім. Бұл жерде технологиялық прогрестен басқа, одан да бір күрделі нәрсе жатқан тәрізді. Иә, жапондар Азия елдерінің ішінде европалықтармен бірінші болып өндіріс жағынан иық тірестіріп дамыған мемлекет. Алаштықтарды ең алдымен жапон халқының өзіндік болмысы қызықтырған секілді. Жапония ешқашан біреуге бағынбаған мемлекет. Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіліп қалғанымен, тағы ешкімге бодан болған жоқ. Соғыстан кейін тез ес жиып, аз уақытта қайтадан экономикасы дамыған мықты мемлекетке айналып шыға келді. Сағы сынған жоқ. Алашордалықтарды жапондардың осындай өршіл, жасампаз рухы қызықтырғандай болып көрінеді. Біреуге бодан болған елде бәрібір құлдық мінез қалыптасады. 99 қазақтың бір орысқа бола орысша сөйлеп кететіні – тура сондай құлдық психология. Біз қазір көзі қысық көршімізден қауіптенеміз. Қытайдан орыстар да сескенеді. Ал бірақ сол қытайлар жапондармен кездескенде, аузынан сөзі, қойнынан бөзі түсіп, кәдімгідей қалтырап қалады екен. Бір жапон тұрған жерде, бір топ қытай соның қимылын бағып, тып-тыныш тұратын көрінеді. Біз қазір алашордалықтарды күншығыс елінің жетістігіне қызыққан деп біржақты ойлап жүргендейміз. Мүмкін олар жапонның осындай ерекше мінезін бізден бұрын байқап қойған шығар, кім біледі?! Өйткені олар рух мәселесін, азаттық тақырыбын өте көп қозғаған еді ғой...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 942    Пікірлер: 0

жұма, 22.12.2017, 12:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31