Сен тұр - мен айтайын!

Әлігі, министрлерден біздің орыстар таза сөйлейді?!

  • Әлігі, министрлерден біздің орыстар таза сөйлейді?!

    Әлігі, министрлерден біздің орыстар таза сөйлейді?!

Біздің ауылдың орыстары қазақша сөйлейтінін айтқам ем ғой? Түске қарай қалада жұмысым боп, жолымдағы дүкенге соғып, сүтке ақша төлеп, қалдырып кеттім. Әйтпесе таусылып кетеді. Әйелі екеуміз әмпей-жәмпей қазақша сөйлесулеміз. Күйеуіне қарағанда тазарақ сөйлейді. Аты Виктория. Күйеуінің аты Миша. Кетіп бара датсам Мишам:"Апа, мен кеш онга дейн турады" деді. "Ой, мен түстен кейін келем" деп, қуандырып қойдым. Қайтарда соқтым. Айран сұрасам;"Али молочный алып болмай жатырм. Откен сатушыларга айттым. Бер айттым. Айтты. Береди" деді. "Е, онда жақсы бопты?!" деп қойдым. Келе жатсам, жолымдағы үйдің мұржасына жармасқан жігіт, мұржаның төбесіне мотор сияқтыны кигізіп, дарылдатып жатыр?! Мұржа тазалап жатқанын түсінгендей болдым. Шынымды айтсам, өмірімде бірінші рет көруім. Тұсымнан бір орыс кісі өтіп бара жатыр екен. Қазақшалап сұрап ем;-О, пештин ишиндеги кулге дейн тап-таза истейди. Кушти!" деп, мақтауын жеткізді. Сөйтсем, күзде "пеш тазалаймын" деген столбадағы жарнама ше? Сол жігіт екен. Қарасам, қасымда 8-9 жасар орыс бала да қарап тұр екен. "Апа, биз пеш баска тазалаттык. Анша болмады. Акем страпилаға тряпка байлап, колмен истеди. Казир пеш жаксы жанади" деді. Екеуміз қазақша жап-жақсы сөйлестік. "Қазақшаң жақсы екен?" десем, -"Мен нашар сойлейд. Досым бар. Костя. Әкеси де екеуи де казакша таза сойлейди" дейд?! Әлігі, министрлерден біздің орыстар таза сөйлейді?! Балам, менің орыстарды қазақша сөйлеткеніме риза боп күледі?))


Сая Қасымбек

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 630    Пікірлер: 0

сейсенбі, 08.01.2019, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31