Сен тұр - мен айтайын!

Алма піс, аузыма түс деп жата бермей əрекеттеніңіздер

  • Алма піс, аузыма түс деп жата бермей əрекеттеніңіздер

    Алма піс, аузыма түс деп жата бермей əрекеттеніңіздер

"Өлі разы болмай, тірі байымайды" деген мақалды білетінмін жəне жиі естетінмін. Бірақ астары мұнша терең деп ойламаппын!

"Өлі" - деп, кешегі күнгі, өткен күннің еншісіндегі, өткен шақтағы істерді, айтылған сөздерді, болған қуанышты да жəне сəтсіз оқиғаларды меңзейді екен. Келмеске кеткен қайта оралмайтын сəт болғандықтан "өлі" (өлі тағдыр, тарих) деп атайды екен.

Өлі "разы болмай" - деп, өткен шақтағы, ата-бабамыздың айтқан, ескерткен нақыл сөздерін, өсиеттерін, мақал-мəтелмен жеткізген өмірдің заңдылықтарын, салт-дəстүр, əдеп-ғұрыптарымызды, хадистер арқылы жеткен құранның аяттарын, ғалымдардың ашып жатқан жаңалығын түгел, терең, жетік меңгермесек, амал етпесек "разы қылмаған" болып болашағымыз бұлыңғыр болады екенғой. Тірі байымай, өмірдің соқысынан көз ашпай, өмірден ойсырата ұтылады екенғой.

"Тарихын білмеген елдің болашағы бұлыңғыр".

"Тарихын білмеген тамырын да білмейді".

"Жеті атасын білмеген - ер жетім".

"Жеті ғасырын білмеген ел жетім".

"Өз тарихын білмеген халық өзін де сыйламайды" деген атадан қалған түйін сөздер жоғарыдағы негізгі мақалымызды толықтырып, қуаттай түседі.

Егер өткен істен, айтылған сөзден, болып өткен оқиғалардан сабақ ала білсек, болашағымыз жарқын, сенімді, бай, қуатты, білімді болады екенбіз!

"Өмір - мүмкіндіктердің теңізі",

"Біз өзіміз жүзүге ерінеміз!"

Тіпті Ұлы Алланың өзі де айтады екенғой

*Маған сен де, тəуекел ет. *Сенен əрекет, Менен берекет* деп!


Ps: алма піс, аузыма түс деп жата бермей əрекеттеніңіздер. Сонда бəрі мынауски  болады.  Əрекет түбі берекет!


Мира Ауелбекова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 776    Пікірлер: 0

бейсенбі, 28.06.2018, 13:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31