Сен тұр - мен айтайын!

«Әнші-фанерщиктер» күндіз жер жұтқандай жым-жылас

  • «Әнші-фанерщиктер» күндіз жер жұтқандай жым-жылас

    «Әнші-фанерщиктер» күндіз жер жұтқандай жым-жылас

«ӨТІРІК» ӨНЕР...


Қазір біреудің дауысымен ән айту әдетке, бәлкім, сәнге айналып барады. Мұндай үрдіс, әсіресе, той-томалақты жаулап алған. Жалтырақ көйлек киіп алып, биші қимылымен қолын ербеңдетіп, тізесін соққылаған үш қыз немесе алба-жұлба киініп алып, жын қуғандай ербеңдей жөнелетін төрт жігіт көзімізге әбден үйренісіп қалды. Бұлар жай жүрген жоқ, айтуларына қарағанда «нандарын тауып жеп» жүрген сыңайлы. Нан тапқанда да қандай! Біреудің дауысымен! Ия, ия, бөтен адамның дауысымен! «Әй дейтін әже, қой дейтін қожа» болмаған соң, оңай жолмен олжа тапқысы келетіндер күн өткен сайын көбейіп барады. Бұл неғылған әнші, қайдан жүр? Сахнадан неге көрмейміз? Мың сұрақ. Сұрап жатқан ешкім жоқ. Әнші-жыршыға жауапты тұлғалар оларға тосқауыл қоюдың орнына, қосыла қол шапалақтайды. Күндізгі іс-шараларда жөні түзу әнші табу қиын, тойда көріп жүрген жаттанды әншілер. Таң қалатының, кешқұрым тойханалардан аяқ сүрінер әлгіндей «әнші-фанерщиктер» күндіз жер жұтқандай жым-жылас.

Бұл – бұл ма, мұны көрген кейбір ата-аналар «осылай да етуге болады екен-ау» деп, кішкентай ботақандарын ән өңдеушілерге сүйреп, өзгенің дауысымен ән жаздыртып, той-жиында ағайын-туыстарынан «жылу жинауға» алып шығатын болған. Бір тойдан бір бума ақша уыстап, ата-анасын «қарық қылған» бүлдіршін әркім кеп арқасынан қаққанға мәз. Әрине, «мұным ұят-ау» деп ойлауға әлі ерте оған. Дегенмен, өзгенің дауысымен ән айту бірте-бірте қанына сіңуі әбден мүмкін. Бесіктен белі шықпаған өрімдей баланы пайда көзіне айналдырып отырған ата-ана осыны бір сәт ойласа етті. Қауіптісі, қазіргі балалар танымал болуға үйір. Әлеуметтік желілер қаптаған «кішкентай жұлдыздар». Киген киімі, шаш үлгісі өз жасынан əлдеқайда ересек. Иықтары ашық, беті бес батпан бояу, етегі жер сыпырады. Мұндай қолпашпен біз олардың бойына эгоистік қасиетті мысқалдап жұқтырып жатқан сияқтымыз. «Өй, айналайын, әлгі ән айтқан бала сен бе едің?» деп қарсы ұшыраса кеткен «кішкентай жұлдызға» қолыңды созсаң, біртүрлі менсінбей, тіксіне қарайды. Қайта мұны көрген жанындағы «жұлдыз» бола қоймаған ойын баласы жүгіріп келіп: «Ассалаумағалейкум, көке!» деп қос қолдап амандасып жатады.

Біреудің туындысын ұрлауды «плагиат» дерсіз, ал осы сияқты «өтірік» өнершілерді кім дейміз?


facebook.com


 




Көрілген: 1627    Пікірлер: 0

бейсенбі, 29.11.2018, 20:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31