Сен тұр - мен айтайын!

Әншіні былай қойып, көмекшілерінің өзі кісі десейші!

  • Әншіні былай қойып, көмекшілерінің өзі кісі десейші!

    Әншіні былай қойып, көмекшілерінің өзі кісі десейші!

 Өз басым КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова апаймен де, Роза Рымбаевамен де, Нұржамал Үсенбаевамен де талай мәрте өздерінің жеке қалта телефондарына хабарласып - ақ сөйлескем. Тіптен кезінде ұялы телефон деген болмаған кезде де небір мықтылармен үй, жұмыс телефондарына хабарласып-ақ мәселені шешіп, эфирге келісетінбіз. Мәселен, Роза Бағланова апайдың ұялы телефоны болып па еді? Есімде жоқ. Асанәлі ағаларымызбен де алдымен телефонмен келісіп алып, кел деген жеріне жетіп баратынбыз. Бүгінгілердің бәрі шетінен ЖҰЛДЫЗ! Атағы шыққаны да, шықпағаны да. Бағана жұмыстағы жас журналистер айтып отырса, жының келеді енді. Телефондарына ызбандаса алмайды екен. Алмағанда көмекшісіне не болмаса қасында еріп жүретін көп жандайшаптарының біріне хабарласып, солар арқылы "шығуың" керек екен! Эфирге келгенде де біз білетін аға-апаларымыз сияқты бір өзі сопайып жетіп келе сал-м-а-й-ды! Қасына толып жатқан нөкерлерін ертіп келеді! (Ал оларға пропуск дайындалмай қалса, өздерінче болатыны тағы бар) Флешкіден немесе мини-дискіден үш-төрт әнді тауып бере салу, жанына адам ертіп жүретіндей, қиын жұмыс па сонша? Әлде бұл мақтаныш па? Бағана бір жұлдызшаның көмекшісі эфирдің арасында берілетін әндерін реттеп зыр-жүгіріп жүрген жүргізушіге "Гәккубекке ыстық шай дайындап бересіз бе?" дегенін естіп, ваще жыным келді! Ол да сыпайылық сақтап, дайындап әкеліп беріпті. Мен болсам, "Әкем, мен саған секретарша емеспін! Сен не үшін жүрсің бұның қасында?! Керек болса, термоспен шай-кофесін көтеріп жүрмейсің бе?!" дер едім. Әншіні былай қойып, көмекшілерінің өзі кісі десейші! Бұның бәрі жас әншілер мен әншісымақтарға қатысты. Кәдімгі әншілер (біз білетін, біз тыңдайтын), сіздерге қатысы жоқ! Сосын, айтпақшы, әлгі жандайшаптарының, флешкісінен бастап, шабадан, анау-мынау асай-мүсейлерін көтеріп жүретін толып жатқан нөкерлерінің де толып жатқан аттары бар ғой. АРТ директор, менеджер бірдеме деген сияқты. Қазақ оны бір-ақ сөзбен малай дей салар еді. Вот так вот! Өттерің жарылса, жарылып кетсін!


facebook.com параұшасынан 




Көрілген: 1316    Пікірлер: 3

сейсенбі, 23.01.2018, 11:36

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31