Сен тұр - мен айтайын!

Апасы ана ғимараттағы адамдар туралы қазір не деп айтып бара жатыр екен?..

  • Апасы ана ғимараттағы адамдар туралы қазір не деп айтып бара жатыр екен?..

    Апасы ана ғимараттағы адамдар туралы қазір не деп айтып бара жатыр екен?..

Елуден асып қалған бір апай сегіз-тоғыздар шамасындағы бір қызды жетектеп субұрқақтың жанынан өтіп бара жатқан. Қыз әрнені сұрап, апасын тыңдап келеді екен. Мен отырған жерден өте бере:

- Аяғына боти киген ана кісі судың ішінде не істеп жүр? - деді қыз.

- Ол суды сүзіп, тазалап жүрген шығар. Небір айуандар бар ғой, суға қоқысын тастап, ойына келгенін істеп кете беретін...


Тәрбиелік мәні бар жап-жақсы әңгіме айтып келе жатып жаман сөзді қолдана салғаны несі?!

"Айуан" дегені (негізі хайуан дегені ғой) құлағыма түрпідей тиді. Судың тазалығын тексеріп, қарап тұрмаса болмайды, өткен-кеткендер тастап былғап тастайды дегенді басқа сөзбен-ақ түсіндіруге болмады ма?..


Мүмкін, бұл қалыпты нәрсе шығар. Бірақ мен өз басым үйде жаман сөз естімей өскен екем. Анам биязы, мәдениетті кісі. Әсіресе, тілі таза еді, ашуланса да ауылдың өзге әйелдері секілді аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықпайтын... Қазір жетпіске таяса да, сол қалпынан айнымаған. Кейде аңқылдап, көп сөйлеп кететіні рас, бірақ ешкім туралы бір ғайбат сөз айтқанын естімеппін... Анам маған өмір бойы аузын "бөтен сөзге" былғамай берік ұстап, "тіл оразасын" бұзбай келе жатқандай көрінеді...


Дөрекі сөздер естіп, құлақ еті үйреніп қалған бала ертең өзі де ол сөздерді "жатсынбай" қолданатын шығар...


Апасы мен жетегіндегі бала анау алыста кетіп бара жатыр. Бүлдіршін қыз біресе Нұрсаяны жағалай еккен шыршаларды, біресе қарсы алдында тұрған Ақорданы, Парламент пен Үкімет үйі жақты қолымен көрсетіп, әлі де сұрақтарын жаудырып барады...

Бағанағы ойдың бәрі жайына қалып, мені енді басқа ой мазалады:

Қалай айтса да, шындықты лақ еткізіп айта салатын апасы ана ғимараттағы адамдар туралы қазір не деп айтып бара жатыр екен?..


Nazira Bairbek

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 713    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 12:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31