Сен тұр - мен айтайын!

Аптаның алты күнінде ауыр кітаптарды арқалайтын балаларға обал

  • Аптаның алты күнінде ауыр кітаптарды арқалайтын балаларға обал

    Аптаның алты күнінде ауыр кітаптарды арқалайтын балаларға обал

Жаңартылған білім реформасы. Жаңа кітаптар. Жаңа кітап болғанда да жалпиған, не ұстауға, не көтеріп жүруге ыңғайсыз ауыр . Оның ішіндегі сауатсыздық өз алдына бөлек әнгіме.

Айтпағым кітаптың көлемі жайында. Аптаның алты күнінде ауыр кітаптарды арқалайтын балаларға обал. Белі бүкірейіп, иығы күжірейіп, құбыжыққа айналмаса не етті? Сүйегі қатаймаған балаға ауыр сөмке арқалатып олардың дұрыс өсіп-жетілуіне өз қолымызбен балта шауып отырғанғандаймыз.

Айта -айта алтайды,

Жамал апа қартайдының кері. Тіпті айтыла беріп тізесі шығып кетті ғой дер біреулер.

Жоқ мен айта бергім келеді.

Сөмкесін көтерсе, шалбары түсіп, шалбарын көтерсе, сөмкесі түсіп жүрген балапандарды көрсең жүрегің ауырады. Ауыр көтеру буыны қатпаған балаға айтарлықтай зиян екенін медицинаның өзі дәлелдеп кеткен.

Көп созып қайтейін. Бүгін менің қолыма 620 беттен тұратын Россияның типографиясынан шыққан шыққан бір кітап тиді. Сенесіздер ме әлгі кітап қанша қалың болса да, салмағы биттің салмағындай жеңіл. Қағаздары сапалы. Ал біздің 120 беттен тұратын кітаптардың салмағы бұның қасында иттің салмағындай.

Тобықтай сөздің түйіні мектеп оқулықтарын неге дәл осылай жеңіл етіп шығармасқа.


Салтанат Абылбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 363    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 24.10.2018, 11:49

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30