Сен тұр - мен айтайын!

Әр адам өледі, бірақ әр адам өмір сүрмейді

  • Әр адам өледі, бірақ әр адам өмір сүрмейді

    Әр адам өледі, бірақ әр адам өмір сүрмейді

Сен өмір сүріп жүрсің бе??

Әр адам өледі, бірақ әр адам өмір сүрмейді - (Каждый человек умирает но не каждый живет)

Кеше телевизордан бір бағдарлама көріп отырып осы сөзді естіп қалдым.. Шыны солай ғой.. Аламанға келіп жатқан мыңдаған жастардың көбінің көзінен тірлік нышанын көре алмай қиналамын. Өмір сүру бар да, Күн көру бар.. Күнкөріс. Кеудеден жан шықпағандық. Бес күн қысқа өмірде барыңды беріп, өмірдің барын алып жалындап өмір өткізуге болады. Керісінше бұл өмірге ештеме бере де алмай, ала да алмай, сүреңсіз өмір кешуге де болады.. Өлетінің хақ, бір өмір сүруің хақ емес.. Сен өмір сүріп жүрсің бе?



«Ырыс алды - тірлік» дейді, ол қай тірлік? Ол осы жан кеудеден шықпағандық па? Жоқ, ондай тірлік итте де бар. Ондай тірлікті қымбат көріп, бұлдаған адам өлімді жау көріп, ахиретке дұшпан болады. Жанын қорғалатып, жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады. Ол айтқан тірлік олар емес. Көкірегі, көңілі тірі болса, соны айтады. Өзің тірі болсаң да, көкірегің өлі болса, ақыл табуға сөз ұға алмайсың. Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың.

Кеселді жалқау, қылжақбас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың - пысық, ішің - нас,

Артын ойлап ұялмас, -

болып жүріп, тірімін деме, онан да алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің өзі артық.


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1211    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.05.2018, 20:31

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31