Сен тұр - мен айтайын!

Әр екінші үйде әкелерін айлап көрмейтін балалар өсіп келеді...

  • Әр екінші үйде әкелерін айлап көрмейтін балалар өсіп келеді...

    Әр екінші үйде әкелерін айлап көрмейтін балалар өсіп келеді...

Ащышындық: облыс орталығы болды деп қуанып жатқан Түркістанның жартысы Ресейде, жартысы Кореяда. "Арқада қыс жайлы болса, арқар ауып несі бар" демекші, тепсе темір үзетін жігіттер жұмыс болса, шетел асып, бала-шаға, отбасы-ошағынан безіп кетпес еді ғой. Болғанның өзінде, айлығы 35-40 мың, 60 мың алса қуанады, ал 80-100 мың "самая вышка". Одан бұрын жұмысқа тұру - ақша, ең төменгі еден жуушы болу үшін 250 мың тг пара сұраған соң, басқасын өзіңіз есептей беріңіз. Әрине, өздері осынша пара беріп әрең кірген соң, құқықтарын қайдан талап етсін, бастық не істесе де көнеді, айтқанына жүреді. Жүрмейтін, жүргісі, көнгісі келмейтін намысты дегендер шетел асады не өзі кәсіп ашып алады, онда да қолында қаражат болса. Оқу орнын бітіре сала, Алматыға аттанып кеткен мен, араға он төрт жыл салып келгенде, осындай картинаны көрдім... Ертелі-кеш "қайтсем, кредитімді жабам", қала берді "бәленшенің тойына беретін ақшаны қайдан табам" деп еңсесі езілген жұрт әйтеуір... Мұның қасында Алатаудың бөктерінде жай жүрген бір күніміз ертегі секілді. "Жұмысқа өз күшіңмен, біліміңмен кіресің, басшы сенімен бірге арқа-жарқа күліп ойнап жүреді, ешкім сенің ізіңді аңдып, қалтаңды санамайды" десең, ауыздарының суы құрып тыңдайды... Әзірге осы жағдай...енді бір үміт "облыс орталығы" деген мәртебеде... Бір жақсылық, бір өзгеріс болса, содан болмаса... Әйтпесе, екі үйдің бірінің отағасы шетелде гастербайтер, яғни, әр екінші үйде әкелерін айлап көрмейтін балалар өсіп келеді...


Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 866    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 22.10.2018, 12:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30