Араққа "найманская слеза" деп ат қойғандарына мәз

Араққа "найманская слеза" деп ат қойғандарына мәз

Жақында жекжаттарымыздың сүрленіп қалған бойдақ баласы келін түсірді. Тайлы-таяғымыз жиылып беташар тойына бардық. Беташарға жиылған жұрт көптен күткен келіннің түскеніне қатты қуанған сыңай танытып жатыр әйтеуір. Қуанғандары соншалық үйленген жігіттен бастап, үлкені де, кішісі де, еркегі де, әйелі де, келіні де, қызы да арақтан ата-бабалары өлгендей сімірді келіп. Әсіресе, жастарға қарағанда егде тартқан әжелердің әпетиті жақсы екен. Екі жасқа арналған тілектерді бірінің аузына бірі түкіргендей қайталап, стақандарын соғыстырғанда сыңғырынан қүлақ тұнады. Сыртынан қарап тұрған адамға қуанышқа жиналған жұрттың ең басты мақсаты мас болу секілді. "Үйімізге барғанда мынандай суша құйылған арақ болмай қалады ғой, неде болса осы жерден тойып ішіп алайық" деген кісіше дастарханнан тұрмады. Дастарханға сыймағандары ауланың бұрыш-бұрышына жиылып ішті. Ащы суға тойып алып, дуылдасып отырған жұрттың әңгімесі сұмбық "глобальный". Ең басты сұрақ: "Қандай арақ күшті, қайсысы ертеңінде басты ауыртпайды?". Әңгімелерінен түсінгенім, Өскеменнен шығатын "найманская слеза" деген "ғажап" арақ бар екен. 5 литрлік баклашкаға құйылған арақ шөлмектегілері секілді бір айналдырғаннан бітіп қалмайтындықтан болу керек, "эксперттердің" айтуына қарағанда соған жетері жоқ көрінеді. Әуелі десеңіз, сол әулеттің келіндерінің бірі жүкті кезінде осы араққа жерік болыпты.
Кейбір бауырларымызға жер сатылып жатыр ма, жалға беріліп жатыр ма, аспан айналып жерге түскелі жатыр ма "екі қойың көк тиын". Осындайларды көргенде қаным буырқанып басыма шығады.

Айнұр Сенбаева
Facebook-тегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста