Сен тұр - мен айтайын!

Аристократ болуға тырысқан кəдімгі қарапайым қазақтардан басқаны көре алмадым

  • Аристократ болуға тырысқан кəдімгі қарапайым қазақтардан басқаны көре алмадым

    Аристократ болуға тырысқан кəдімгі қарапайым қазақтардан басқаны көре алмадым

Үлде мен бүлдеге малынып алтын сарайда өмір сүрсеңіз де болмысыңызда бекзаттық қасиет болмаса, бəрібір аристократ бола алмайсыз. Зиялылықты айтпағанда жүріс-тұрысыңыз, киіну əдебіңіз, сөйлеу мəнеріңіз, дауыс ырғағы, дене бітіміңіз, тіпті кірпігіңіздің əр қимылына дейін қандай ортадан шыққаныңызды тайға таңба басқандай айқындап тұрады. Жан дүниеңізден жарқырап белгі береді. Мұны көзі бар жан көреді. Ал көрсетпек болсаңыз не аристократ боп туылу керек, не осы рөлді шебер сомдап шығатын талантты өнер иесі болу керек.

Екі сағаттан артық уақыт бойы екеуін де іздеумен отырдым. Аристократ болуға қатты тырысқан кəдімгі қарапайым қазақтардан басқаны көре алмадым. От-жалын махабат өртін, поездың астына түсіп өлетіндей жан күйзелісін көргім келген. Көрдім бе, көрмедім бе, өзім де түсінгем жоқ. Жалыққан сəттерімде кетіп қалғым келген.

Кеше Әуезов атындағы Қазақ драма театрына "Анна Каренинаның" премьерасына бардым. Жаңа форматтағы қойылым дегесін əуестігім ұстаған. Сөйтсем жаңа форматы сол, сахнаға қосып партердің екі жағына да декорация жасапты. Екі бүйірде де қойылым жүріп жатты. Сахнаның ортасынан созылып, көрермендер отырған партердің ортасымен кететін тақтай жолда да қойылым жалғасатын сəттер бар. Əдеттегі спектакльдерден ерекшелігі - осы. Қойылымның декорациясы жақсы жасалыпты жəне кейіпкерлердің киімдері орыс ақсүйектерінің жалт-жұлт еткен қымбат өмірін көз алдыңа əкеле қоймаса да, сол дəуірдің киіну үлгісін əжептеуір көрсете білген. Көрпеге қарай көсілгені көрініп тұрды.

Интернет деген керемет мүмкіндік туған мына заманда көрерменді үйден сүйреп шығарып театрға əкелу үшін көп күш керек. Қазақ көрерменінің театр дегенде бойкүйез бола қалатыны тағы бар. Қалтасы, болса да тесік. Одан да бір рет тойып тамақ ішпеймін бе дейді. Ал театр үшін тіршілік тірегі - көрермен. Көрермен болмаса театр да жоқ. Қазақ көрерменін "ұйқыдан ояту" үшін "бомба" керек.


Гүлмәрия Барманбекова

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 790    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.11.2018, 12:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31