Сен тұр - мен айтайын!

Армияда Әмериканың қауіпті шпионын ұстағам ...

  • Армияда Әмериканың қауіпті шпионын ұстағам ...

    Армияда Әмериканың қауіпті шпионын ұстағам ...

"АРМИЯДА ШПИОН ҰСТАҒАНЫМ...."


Армияға барғанда,Ақтөбеден Москваға самолетпен,одан əрі қарай Калуга қаласына, электричкамен бір-ақ күнде топ еткізді.

Ол жаққа барған соң,бір жарым айдан кейін,қатты ауырдым.Кешкілік нарядқа барар кезде,денем ысып, басым ауыра бастады. Нарядтан қалдырып,бірден төсекке жатқызып тастады. Түн ортасы ауа,қызуым қатты көтеріліп,ыңырсып төсектен құлап бара жатқанымды білем. Біреулер дабырлап көтеріп жатқан сияқты болды. Сосын қап-қараңғы түнек....

Көзімді ашсам əппақ бөлме,тып-тыныш. Басымда ауырмайды.Əбден ұйықтап ұйқым қанған адамдай,сеп-сергекпін.Анадай жерде кроватта біреу жатыр. Түк түсінбеймін. Қайда жатырмын? Қанша уақыт өтті?

Аздан соң медсестра кіріп,мені көріп қайта шығып кетті де,иығына ақ халат жамылған офицерді ертіп келді.Əлгі офицер қасымдағы орындыққа отырды да,хал-жағдайымды сұрап жатыр. Орысша түк ұқпайм)) Əйтеуір "Как дела?""Голова не болит"деген сұрақтарына "Хорошо""Нет"деп жауап берем. Бір түсінгенім, ес-түссіз,өлім мен өмірдің арасында, үш күн жатыппын. Ол кездің дəрігерлері солдаттарға жаны қатты аши ма?Москвадан профессор келіп,диогнозды дəл қойып,соның арқасында аман қалыппын.

Сол жатқаннан,бір ай,госпиталда жаттым. Əуелде,біржола ақ билет беріп қайтарамыз деп еді,шауып жүргенімді көріп, комиссияның шешімімен екі айға, ауылға отпускке жіберді.

Ол кезде қазіргідей байланыс қайда?! Госпиталда жатқанымда "Бəрі жақсы,аман-есенмін.Служба жақсы өтіп жатыр"деп,екі-үш рет хат жаздым.

Сонымен госпиталдан шыққан соң,қолыма азын-аулақ жолға жетер тиын-тебен беріп,вокзалға əкеп тастап кетті.Облыс орталығынан 500 шақырым жердегі ауылдан,өмірі аттап шықпаған баламын ғой.Былай-былай шығуға қорқып,поезд келгенше вокзалда, бір орында отырдым да қойдым. Ұмытпсам, Казан вокзалы-ау дим. Кешкілік Москва-Ақтөбе поезына отырып, жолға шықтым. Соншама өтпейтін уақытты артқа сап,екі тəулікке жуық жол жүріп,Ақтөбеге де жеттім.

Ақтөбеде,нағашы апам тұрады.Уйі вокзалдың дəп қасында. Үйдің қоңырауын басып ем,марқұм жездем есікті ашты.

-Əй,не болд?Армиядан қашып келдің ба?Кеткеніңе үш-ақ ай болған жоқ па?-деп,кірер кірместен сұрақты қардай боратып жатыр. Мен де жағдайдың бəрін түсіндіп əлекпін. Нағашы апам,асты-үстіме түсіп,əйтеуір аман болсаң болар деп жатыр.

Шəй-тамақ ішіп болған соң,автовокзалдан ертеңге ауылға билет алуға,шығып кеттім.

Мен шығып кеткен соң жездем , ауылға поштада бастық болып істейтін,өзімнен екі жас үлкен апама, телефон соғыпты. Жездем үлкен қызметте істесе де,балдыздарымен ретті жерде қатты ойнайтын...

- Ай,Заида амансыңдар ма?Əке-шешең аман ба? Мəлік армиядан отпускіге келді. Жақсы қызмет еткен. Американың өте қауіпті шпионын ұстап алыпты. Сол үшін орден тағып,екі айға отпускіге жіберіпті. Ертеңге автобусқа билет алуға кетті-депті де,трубканы қоя салыпты...)))

Түк түсінбеген апам,қайта қоңырау салса,нағашы апам көтеріп,менің келгенімді айтыпты. Бірақ не үшін келгенімді айтпапты. Апамда дұрыстап сұрамапты.

Ол кезде коммутаторда отыратын байланысшы,басқа жақтан келген звонокты,əр телефонға қолдап қосады да,кейде дауысын ашып қойып,тыңдап отыра береді...Сол жерде Ақтөбемен сөйлесуге келіп тұрған бірнеше адам,жездемнің сөзін естіп,шок болыпты да,лезде ауылға таратып жіберіпті....)))

Ойымда ештеме жоқ,ертеңі кешке ауылға келсем....Гу-гу əңгіме...Бірінен-бірі асырып алған...Армиядағы құрдастарыма хатты боратыпты. "Мəлік армияда Əмериканың шпионын ұстап алып,екі айға отпускіге келіп жатыр" деп... Ол қыршаңқылар қайта жазған хатта "Мəлік шпион ұстаған ба? Əлде Мəлікті əмериканың шпиондары ұстап кеткен ба?" деп...))Ұялғаным-ай...Үйден шықпай екі ай жаттым да,көктем шыға армияма тайып тұрдым.

Сол кеткеннен,қалған бір жарым жылды, абыроймен атқарып бір-ақ келдім ғой.

Міне, содан бері арада аттай отыз жылдай уақыт өтті. Кейде құрдастар бас қосып,армия жайлы айта бастаса"Айтпақшы Мəліктің əмериканың шпионын ұстап, ауылға келетіні ше-деп,көздерінен жас аққанша күледі...))) Сыболыштар-ай,ұмытпайды...


Малик Ораков

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2179    Пікірлер: 0

жұма, 23.02.2018, 14:13

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30