Сен тұр - мен айтайын!

Артымызға қандай елді, қандай қоғамды қалдырып кетеміз?

  • Артымызға қандай елді, қандай қоғамды қалдырып кетеміз?

    Артымызға қандай елді, қандай қоғамды қалдырып кетеміз?

ӨМІРДІҢ КӨБІ КЕТІП,АЗЫ ҚАЛДЫ!


Әр адам арт жаққа қарап өкініп, болашаққа қарап үміттеніп өмір сүреді ғой. Мен да 60 ты алқымдап қалдым, « Осы уақытқа дейін не істедім, не бітірдім, не көрдім, енді қалған өмірімде не істей аламын» деген сұрақтар күнде болмаса да, оқта-текте санамнан қылаң беріп қояды.

▪️

Бұрын өзімше бірдеме тындарған жандай болып жүруші едім. Алаш ардақтыларының өмір жолдарымен тереңірек танысқан соң, олардың жасағандарының бір түйірін де жасай алмағанымды түсіндім. Сол кезде бос өткізген күндеріме ішім удай ашып өкінемін((( Қанша алтын уақыт бос сенделумен, қыдырумен, ішіп-жеумен өтті.. Есебі жоқ… Енді қанша өмір қалды, соны мәнді, мағыналы, артыма бір із қалдырып кеткім келеді, еліме титтей де болса пайдамды тигізіп, біраз игілікті шаруалар істесем деп армандаймын.

▪️

Ертеде адуын бір апамыз жалғыз ұлы өлгенде: "Найза алып жауға бармадың, қамшы алып дауға бармадың, бар екен деп еленбей, жоқ екенің білінбей, малдан боғың ғана бөтен болып өмір сүрдің, қан сасып бір түнектен шығып едің, боқ сасып бір түнекке кетіп барасың, мен сенің қандай ерлігіңді, қай еңбегіңді айтып жоқтап жылайын?!.." деген екен.

▪️

Мен әрине анамның жоқтағанын қаламаймын, бірақ «Артымда қалған ұрпағым мені несімен есіне алады, қай ісіммен мақтана алады» деген ой тыным бермейді.

▪️

Сізді де осындай ойлар мазалайды ма? Болашақ бізбен мақтана алатындай өмір сүре аламыз ба? Артымызға қандай елді, қандай қоғамды қалдырып кетеміз? Алаш ардақтыларындай азаматтар қазір неге аз?


Ахметбек Нұрсила

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 460    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.11.2018, 12:54

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31