Сен тұр - мен айтайын!

Аштықта жеген құйқаңды, тоқтықта ұмытпа деген

  • Аштықта жеген құйқаңды, тоқтықта ұмытпа деген

    Аштықта жеген құйқаңды, тоқтықта ұмытпа деген

 Өздері аш, көздері қанталаған бір топ иттердің арасына бір кесек шикі ет тасталды.. Қасқыр екеш, қасқырда да болатын туыстық инстинкт бұларда жоқ.. Субардинациялық қарым-қатынас та осы тұста бұл-бұл ұшты.. Жұлмаласа жөнеліп, денелеріне батқан азу тістердің қайдан, кімнен екендігіне де шамалайтын мұршалары болмай, беталды біріне-бірі атыла берді..

Мұндай көрініс - жантұршігерлік болса да, иттің табиғатын айшықтай түседі.. Адамның да..

Әйтседе..

Адам - адамға дос. Бауыр. Аштықта жеген құйқаңды, тоқтықта ұмытпа деген. Бас аяғы 80 жыл бұрын-ақ, ата-аналарымыз аштықтың дәмін көріп, білген еді.. Даладан ұрланған бір уыс бидай үшін де талайы атылды.. Құрт-құмырсқа теріп кеткендері қаншама... Айдалада, денелері іріп-шіріп, құрт-құмырсқаға жем болғандары ше ?

Туған нағашы атамның да елден бай-құлақ атанып, түйемен көшкенін естідім.. Сүйегі қайда қалғанын да ешкім білмейді.. Әйтеуір, құлағым бір шалып қалғаны, бір ағаш көпірде түйесінің аяғы қыстырылып қалып, түйесі сол жерде қалғаны.. Өзі, тұрып қалған судан бір ұрттам ішіп, сол жүрегіне дық болып қадалып, жан тапсырғаны ғана.. Нағашы жұртымның арғы жағы осымен тәмам..

Өз атамның да жағдайы осы.. Әсілі, жатқан жері Ташкент шахарының ол жақ, бер жақтарында деседі.. Марқұм, әкем де көзі тірісінде жарытып ешнәрсе де айтып бере алмаған еді.. Білетінім, бір жасында шешесінен жетім қалғаны .. Бозбала кезінде әкесінен.. Тұлдай жетім..

Құдайға шүкір, әкемнен жалғыз тұяқ емеспіз. Ендігі, ұрпақ таралып отыр. Тек, жеті атамызды құрғақ тілмен тарата алғанымыз болмаса, жеке бас тамырымыз беймәлім..

Осы жайларды, кейінгі күндері көп ескере отырып, менің ар алдында да, әруақтар алдында да басқалай болуға еш қақым жоқ екендігін түсіне түскендеймін..

Ия. Туғандарым үшін де ! Ұл-қыздарым үшін де ! Көзі тірісінде, әкемнен де, шешемнен де әрісін тарқатуына батылым бармай, сұрай алмаған едім.. Шынымды айтсам, өліп қаладыға қимадым.

Көкеммен ойнаушы едім.. Көке, Сіз маған ұқсағансыз, ия ? - деймін.. Көкем де, қуақыланып, Жоқ, балам, мен Нұрланға ұқсағам деуші еді..Нұрлан - ұлым. Ол кезде шорбайы далаңдап, бар-аяғы 2-3 жасар шауып жүретін..

Ия. айта кететін жайым, Өзбекстанға барғым келіп тұратындығы да бекер емес-ау.. Іздеп, тапсам ғой жатқан жерлерін деген үміт қой, баяғы..


facebook.com




Көрілген: 918    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

жексенбі, 29.10.2017, 21:42

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост
    13 Қаңтар, 10:06
    ...Әйелім қуып кетті?!

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28