Сен тұр - мен айтайын!

Ата-бабаларымыздың жазылмаған заңы "суицидті" осылай тоқтатып отырған екен...

  • Ата-бабаларымыздың жазылмаған заңы

    Ата-бабаларымыздың жазылмаған заңы "суицидті" осылай тоқтатып отырған екен...

Ертеде ата-бабаларымыз,өзіне қол жұмсаған адамды,қайғырып-жоқтауға тиым салған. Тіпті ол үйдің шаңырағына барып,қайыр айтуға,қайтқан адамды жерлесіуге бармайтын болған ғой. Тек екі-үш адам ғана "қауымға" қоспай,елеусіздеу жерге,белгі де қоймай жерлей салған. Ол жер кейін тегістеліп кеткенде,əлгі "арам"өліммен өлген адам,із-түзсіз кетеді екен. Осындай жоқтаусыз,іздеусіз қалудан қорыққан халық, қандай жағдай болса да,өз-өзіне қол салудан қатты тиылған. Ата-бабаларымыздың осы жазылмаған заңы,халықтың арасында болатын "суицидті"осылай тоқтатып отырған екен...


Жақсы көретін құда бала бар еді. Өте ақкөңіл, адамға қайырымы күшті екені,түрінен көрініп тұратын. Уйі-күйі бар, жағдайы ел қатарлы болатын. Кез-келген жұмысты дөңгелетіп алып кететін еді...

Солай бола тұрса да,осыдан бірнеше күн бұрын,44 жасқа қараған шағында, алты баласы мен сүйіп қосылған жарын тастап,өмірден "өз еркімен" кете барыпты...

Не жағдай болғанын, ешкім анық білмейді. Тек соңғы кезде ана өмірге дайындалып жүргенін, əйеліне, бір-екі танысына сездіріпті. Бірақ, ешкім мəн бере қоймапты. Қайтыс болғаннан кейін ғана "аһ" ұрып қалды...

Садақаға ойдай адам келді. Қазіргі "дəстүр" бойынша,қайтыс болған адам жайлы,естеліктер мен оның жақсы қасиеттерін айтып,ата-анасына,ағайын бауырына сабыр тілеп, қазаның қайырлы болуын айтып жатты...

Ал менің қолқамда,"Бірақ" пен "Əтеген-ай" кептеліп тұрды да қойды... Қайран ата-бабамыздың "Алтын заңы-ай"...

#Бұл_суйцид_неге_көбейіп_кетті_соншама...?


Пы-сы. Өткен ғасырда,адамдар арасында суйцидтің көбейіп кеткені,қатты алаңдатқан Бразилия ғалымдары,киносериалдарды ойлап тауыпты. Шынында да,ең алғашқы "Жəй ғана Мария""Байларда жылайды"сериалдары шыққанда, халық арасында суйцид, күрт азайып кеткен екен...


Малик Ораков

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 2371    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 01.10.2018, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31