Сен тұр - мен айтайын!

Атағы дардай кейбір аға буын өкілдері өзінен кейінгілерді ақымақ деп ойлай ма

  • Атағы дардай кейбір аға буын өкілдері өзінен кейінгілерді ақымақ деп ойлай ма

    Атағы дардай кейбір аға буын өкілдері өзінен кейінгілерді ақымақ деп ойлай ма

Аты мен атағы дардай кейбір аға буын өкілдері өзінен кейінгілерді мүлде ақымақ деп ойлай ма, әлде, өздерін әулиедей сезіне ме, түсінбеймін. Өткен аптада бір көкем маған өзімен әріптес бір шығармашыл тұлға жайында әлде бір компроматын тықпалап қоймайды. «Сенің іздейтінің әділет қой. Мынау сұмдық, енді» деп мені жатып кеп үгіттейді, онысымен қоймай. Маған көпшік қойып, өзінше қамшылаған түрі болса керек. Оның былайғы жұртқа мені «іздегені – пәле» деп жүрмесіне кім кепіл. «Неге мен жазуым керек? Өзіңіз неге жазбайсыз, қолыңыздан келеді ғой» деп едім, сасып қалды. «Біздікі енді, ыңғайсыз ғой» тағы бірдеме деп күмілжіп қояды. Сонда, оған емес, маған ғана ыңғайлы екен де. Ана жылы Еуразия университетінде отырған жерінде Мұхтар Мағауинді жамандап, бізге ым қағып ишара жасаудан жалықпайтын бір шал болып еді. Ұлы жазушының киесі атты ма, аяқ астынан дәм-тұзы таусылып кеткен, иманды болсын. Қазақ зиялыларына маңындағыларды айдап салып отыратын шал-шауқан сонымен түгесілді ме десем, қателесіппін. Әлі де баршылық екен ғой. Былайғы жұрт ғылыми-шығармашылық ортаның бүге-шігесін білер, бәлкім, білмес. Қалай болғанда да бәрінің пенде екені дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 890    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.03.2018, 11:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30