Сен тұр - мен айтайын!

Атамбаев – өзге халыққа ғана емес, өз халқына да жаны ашымайтын адам екенін тағы да дәлелдеді.

  • Атамбаев – өзге халыққа ғана емес, өз халқына да жаны ашымайтын адам екенін тағы да дәлелдеді.

    Атамбаев – өзге халыққа ғана емес, өз халқына да жаны ашымайтын адам екенін тағы да дәлелдеді.

Атамбаев – өзге халыққа ғана емес, өз халқына да жаны ашымайтын адам екенін тағы да дәлелдеді. Атамбаевтың әскерінің алдында айтқан сөзінен «мына кісі артық кетті-ау» деп әскері де ұялып тұрды. Өткен жолы да «әпенділігімен» халқын, еш жазығы жоқ халқын отқа итере салып еді... Әскерінің алдында тұрып «Біздің елге қылышпен келгендер басын қалдырып кетті қырғыз жеріне» деуі не сұмдық... Кенесарының сол кесілген басын айтып, Атамбаев өзінің жеке басының сатқындығын айғақтап тұр. Атамбаев мырза, бізге сол Кенесарының кесілген басы да аяулы, қастерлі, өр, намысты, рухты! Біреудің қасиетін табалау – өзіңнің арам ойыңды айғақтау.

«Если кто-то хочет поджечь дом соседа, то надо помнить, что может загореться его собственный дом» деді тағы да Атамбаев. Осындай сөзді есі дұрыс Президент әскерінің алдында айтпайтынын есі дұрыс қырғыз да түсінеді. Бұл – халқын қорғағысы келген адамның сөзі емес, екі ұлттың арасына от жаққысы келетін адамның сөзі.

Қазаққа қазақтан басқа (Атамбаевтың да, өзіміздің жемқор биліктің де) ешкімнің жаны ашымайтынын, тек біреудің айтқан сөзін фильтрден өткізіп, оның ар жағындағы ойын оқи алсақ екен.

...Қазақтың төлқұжатын арзан бағаға сата бергенді қою керек, қазақтың төлқұжаты ойыншық емес! Мәскеуде қара жұмыс істеп жүрген қырғыздардың көпшілігі Қазақстанның төлқұжатын сатып алу – Ресейдің төлқұжатын сатып алудан арзан екенін айтады. Қазақтың төлқұжатын алып, алғашқыда Қазақстанда жұмыс істеп, кейіннен Ресейге келген қырғыздар аз емес. Сол себепті, қайбір жылы орыс әлеуметтанушыларының зерттеуі бойынша Ресейде жұмыс істейтін гастарбайтерлер тізімінде "қазақтар" саны жағынан көш бастап тұрды. Сырттан келіп жатқан қандастарымызға азаматтықты уақытында бермей сандалтып, жылатып жатқан биліктің миына ота жасау керек...

Иә, билігіміз жемқор, иә, билігіміз әділетсіз, оны бәріміз айтып, сынап жатырмыз ғой. Сынайық, қатты сынайық!

Мәскеуде тұратындықтан, мұндағы өзге ұлттың арасына кіріп, зерттеп көргендіктен біраз мәселені білем... Атамбаевтың бейнесі көп мәcелені айтатынын да білем...

Айтқандай, сосын мен пікір жазып қана толерантты болатын көпшілігіңізден толеранттымын. Арыстанбек мырза аузынан "апат" болғанда Мәскеудегі қара жұмыс істеп жүрген қырғыз келіншектерге киім-кешек апарып бердім. Өзімнің ақшама, өзімнің шешімім. Себесеңіздер, осындағы мені танитын қазақтардан сұрасаңыздар болады... Мұны ешқашан ашып айтқан емеспін. Арыстанбек мырзаның сол сөзінен қатты ұялдым...Жаман бергенін айтады дейді, амал жоқ, жаздым... Әйтпесе, бәрін ашып жазбасам, кейбіріңіз түсінбейсіздер ғой...

Атамбаев пен Арыстанбек мырзаның «әпенділігінен» екі ұлттың арасына сызат түспесін! Біз – толерантты халықпыз ғой, толеранттылығымыз дәл «Атамбаевтың мәселесінде» керек! 


Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1932    Пікірлер: 9
Пікірлерді оқу (9) preloader

сенбі, 14.10.2017, 12:02

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2017
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
қараша
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30