Сен тұр - мен айтайын!

Атын дабырайтып жасаған тағзым сол елге, ауылға аса қажетті шаруа болса...

  • Атын дабырайтып жасаған тағзым сол елге, ауылға аса қажетті шаруа болса...

    Атын дабырайтып жасаған тағзым сол елге, ауылға аса қажетті шаруа болса...

Кощунство дей көрмеңіздер, ал... Бір жылдары, заманның аласапырандау кезінде менің кластастарым бір ауылдан мешіт салды. Іштей құптамадым. Мектепке көмек көп керек еді сол кезде. Ауыл да қирап жатқан. Кейін сол мешіт көп жыл бос тұрды. Молдасы келіспеді. Одан басқа бір ағымдардың өкілі жиналатын ордаға айналды. Соңғы жылдары ғана "ырхайттап" жүріп бетін қайырып алдық. Рамазан біткен соң тағы келесі жылға дейін қаңырап бос тұрады. Отауын сайлап алмай үйленген бозбала құсамай, алдымен имамын дайындап, елде мешітке баратын шал-шауқан, діндарлар бар ма, соны бағамдап, сосын барып салса ғой... Жә, бұл сөздің сірағысы ғана.

Біздің облыста, ауданда "Туған жерге тағзым" деген акция бар. Жылда бірдеңесінші жылы мектеп бітіргендер туған жерге бір сыйлық жасайды. Пәленбай ақшаға. Ол- Ырғызға кіре беріске қойылған, кейін крәскісі кетіп, қараусыз қалған қыран болуы мүмкін, ол- сол жылы қойылып, кейін қараусыз қалып, алқана-салқанасы шығып, ауылдың ажарын кетіріп тұрған қоршалған каток болуы мүмкін, ол- әткеншегі үзіліп, қоршауы құлап қалған балалар алаңы болуы мүмкін. Ақшасына самаурын тұтатса да, әркімнің өз еркі ғой, тек атын дабырайтып жасаған тағзым шынымен тағзым болып, сол елге, ауылға аса қажетті бір шаруа болса дегенім ғой... Адам өміріне қауіпті қылкөпір көп, мектептерді құм басу қаупі бар, құлайын деп тұрған үйде тұрып жатқан міскіндер бар...


Шара Турмаганбетова

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 848    Пікірлер: 0

жұма, 15.06.2018, 07:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30