Сен тұр - мен айтайын!

Аудандық газет Әлімбекованы жазғаннан не ұтады?

  • Аудандық газет Әлімбекованы жазғаннан не ұтады?

    Аудандық газет Әлімбекованы жазғаннан не ұтады?

Аудандық газеттер де әлеуметтік желілерге өз жазбаларын салып, жанталасып жатады. Дұрыс қой. Газет болған соң, ақпарат таратып бағуы тиіс. Олардың да жазбаларына назар аударасың, сондағы іздейтінің ауыл тіршілігі. Ауыл адамдарының ахуалы, олардың не істеп жатқаны, егістік пен малдың, аңның күйі, судың мәселесі және т.б. толып жатқан жайлар туралы білгің келеді. Тіпті, кез келген ауыл адамының бүгінгі тіршілік туралы сұқбатын оқыр едім, егер болса. Алайда, дәл осыны таппайсың. Аудандық газеттердегі әріптестер ауылдарға бармайтын сияқты. Көбі құдай берген интернетті сауып, оқиға көшіргенді жөн көретін тәрізді.


Әйтпесе аудандық газетке әнші Әлімбекованың сотты болғанын жазып не қажеті бар? Әрине, әншінің жалаға ұшырап кетпегенін біз де қалаймыз, бірақ, ол туралы ол жүрген жердің барлығы жапатармағай жазып жатыр емес пе? Олардың айта-айта әбден ақжем болған ақпаратын көшіріп басқаннан не ұтады аудандық газет? Егер ол туралы ел білмеген бірнәрсе болса екен-ау, ел ойламаған ойды айтсаң екен-ау. Әлімбекова жәй мысал ғой, республика бойыншы айтылып жатқан басқа да ақпараттарды көшіріп басудан, әрі онысын ФБ беттеріне шығарудан шаршамайтындары көп.

Аудандық газет одан да сол ауданда болып жатқан жаңалықтарды жазса екен. Жаңалық деген адам таңғалатын тосын бір нәрсе емес, жаңалық деген күнделікті болып жатқан тіршілік ағымы. Оқырманға керегі – осы.


‎Нұрлыбек Саматұлы

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 413    Пікірлер: 0

жұма, 08.02.2019, 21:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Ақпан, 10:24
    Біз өзі қызықпыз...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28