Сен тұр - мен айтайын!

Аудиторияларға бейне камера қойса көрер едік, ЖОО-да қанша профессор қаларын

  • Аудиторияларға бейне камера қойса көрер едік, ЖОО-да қанша профессор қаларын

    Аудиторияларға бейне камера қойса көрер едік, ЖОО-да қанша профессор қаларын

Ана жолы көрші оқу орнының корпусына бір шаруамен бара қалған едім. Іздеп барған профессорды сәл күту керек болды. Үйреншікті әдетпен дәлізді бойлап келемін. Аудиторияның жартылай ашық есігінен "ытқып" шыққан әлде бір долы әйелдің айғайы арлы-берлі өткендерді селк еткізеді. Тұрғын үй болса, байымен төбелескен "базар бабасының" байбаламы дерсің. Ал, мына аты дардай оқу ордасына не көрінді? Өзгелер не десе о дер. Мұндай айғай мен ойбайдың себебін өз басым өте жақсы білемін. Кезекті дәріске ешбір дайындықсыз келген немесе студенттерге айтары жоқ біліксіз оқытушылар 50 минутты осылай өткізеді. Бас-көз жоқ, алдында отырған студентке ұрса беруден басқаны білмейді. "Дәу де болса, сондайлардың бірісің-ау" деп ойлағанмын. Ойлағаным дәл келді. Оны үзіліс кезінде сөзге тартқан студент бала дәл айтып берді. Ағылшын тілінің кезекті пәні "айғаймен" өтіпті. Неге? Қазір ағылшын тіліне сұраныс артқан, сағат жеткілікті, студент атаулы осы пәнді таңдайды. Есесіне, герман, француз тілдеріне қызығатындар жоққа тән. Сосын, кафедра не істейді? Ағылшын тілі пәнінің сағаттарын шет тілінің маманы деген сылтаумен неміс, француз тілінің оқытушыларына үлестіре салады. Өз мамандығы емес, "почти" білмейтін өзге тілді студентке қалай үйретсін? "Сасқан үйрек артымен сүңгидінің" керімен аудиторияға кіреді де ұрысты бастап кетеді. Студентке шамадан тыс тапсырма береді, оның орындалуын өзі бақылай да алмайды. Бірақ, өзінің мінін білмейді. Рейтинг, емтихан кезінде студенттердің "қанын ішіп" алақан жаяды. Сосын, ағылшын тілін үйреткен ұстаз да жоқ, үйренген шәкірт те жоқ, оның нәтижесін тексеріп жатқан ректорат пен министрлік те жоқ. Осыншама сағат, пәлен семестр бойы тіл оқыған мамандар майын тамызады деп сенген министр олар диплом алып шыққан соң жаратылыстану пәндерінен ағылшынша сабақ береді деп сенеді. Сонда не істемек керек? Технологияның жетілген заманында сол да сөз болып па? Әр профессор-оқытушының барлық аудиторияда өткізген дәріс, практикалық сабақтары бейне камераға дауыс-дыбысымен түгел түсіріліп, олар сол фактімен семестр сайын есеп берулері керек. Жалғыз тіл ғана емес, барлық пәндерді айтамын. Сонда көрер едік, ЖОО-да қанша профессор қаларын.


Қуандық Шамахайұлы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 926    Пікірлер: 0
Пікір қалдырыңыз

сәрсенбі, 06.12.2017, 10:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    27 Қаңтар, 13:04
    Ұлтқа қарсы пост

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28