Сен тұр - мен айтайын!

Әуелі сапалы туынды жасап алып, бір-ақ шығу керек қызыл кілемге

  • Әуелі сапалы туынды жасап алып, бір-ақ шығу керек қызыл кілемге

    Әуелі сапалы туынды жасап алып, бір-ақ шығу керек қызыл кілемге

Қызыл кілем бізге арналып жасалған екен ғой. "Бәленбай фестивальдің ашылуы" деп қызыл кілемді жайып кеп жіберіп, үстінен ары-бері өткенімізде, Голливуд демалып қалады. Қызыл кілем бүкіл өміріміздің мәні мен сәніне айналып кеткен ғой, до того. Күнара демей-ақ қояйын, бір аптада бір рет міндетті түрде қызыл кілеммен кетіп бара жатамыз. Кәдімгідей қолды бұлғап қоямыз. Фотографтар мен операторлар жүгіріп түсіріп жүреді. ("Зачееем?" деп ойлайм әлгілерге қарап). Жарқ-жұрқ, шатыр-бұтыр, әдемі көйлектер желбіреп, қара кәстөм-шалбарлар сықиып, өз-өзіне риза болған жүздер албырап, ой бір ертегідей енді бар ғой. Бұл қызыл кілемді біздің өмірімізден алып тастау я азайту мүмкін емес. Өйткені, қатты увлекаться етіп жүрміз красный дорожкамен. Ал сол фестивальдерде көрсетіліп жатқан дүниелердің (кино, спектакль, ән) сапасы қандай десейш. Сол жүріп өткен қызыл кілемге тұра ма екен дейм де. "Қызғаннан жазып отырсың" демей-ақ қойыңыздар. Қызғансам, сол кілемге баяғыда шығып кетер ем. Түкке қажеті жоқ деп ойлаймын. Әуелі сапалы туынды жасап алып, бір-ақ шығу керек қызыл, жасыл, көк кілемдерге. Ал қазіргінің бәрі "мақтаншақ, даңғойлық" деп жазсам ғой, мені ит қосып қуып жібересіздер.


Марал Киокушинкай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 507    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 03.10.2018, 10:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31