Сен тұр - мен айтайын!

Ауылда отырып еңбегіңен айырылуды менен артық кім түсінер деп жазып отырмын

  • Ауылда отырып еңбегіңен айырылуды менен артық кім түсінер деп жазып отырмын

    Ауылда отырып еңбегіңен айырылуды менен артық кім түсінер деп жазып отырмын

БАЛЫҚШЫҒА АЙНАЛҒАН ҰСТАЗ


Балық сатылып жатыр! деген хабарды естіп келсем өзіміздің тарих пәнінің және социальный педагог маманымыз Медет бауырымыздың үйі екен. Медет бауырымды танымай қалдым. Ер жігіттің басында қыл арқан шірімейді ғой дегенмен сәл де болса көңілім қобалжып жүрегім сыздап кеткені болмаса. Әппақ көйлек, қара галстук, қара костюм-шалбар киіп жүретін томпиған, тойған қозыдай бауырым тұтығып, қарайып қара торы жігітке айналыпты. Мені көре сала  "Балықты қоя тұрыңыз, апай жаңа жыл ғой жоғары шығыңыз бір шай ішейік" - деп келін баланы шайға үйірді. Келін өзіміздің Айым ғой. Тез-тез шай жасап үстелді жайнатып жіберді. Бауырымның іші толып сағынып қалыпты. Мектепте сәлеміміз түзу. Қашан да жол беріп аңқылдап амандасып жүретін бауырым шынымен жұмыссыз қалыпты ау.

– Құлыным-ау мен сені өзің шығып кеткен екен, бір кәсіп тапқан шығар - деп ойлап жүрдім ғой. Иә енді жұмыс таптың ба? Не хал? Ашық айтшы!

– Жоқ апай жұмыссыз жүрмін. Ақ қар, көк мұзда қайдан жұмыс болсын. Барлық мектептер алатын жұмыскерін алып қойған. Кәсіп осы балық аулап жүрмін. Диплом сандықта жатыр. Алты жыл істеген еңбегім сөнді. Жә, бір жөні болар .... Інім істеп жүр. География маманы ғой.

ҮНСІЗДІК....

– Өзіңіз қалайсыз апай!! Хабарласпай кеттім. Сол соңғы рет сізді көше ортасында көргеннен кейін осы ғой.

– Мен де жетісіп жүргем жоқ. Жарты ставкамен қалдым. Сол көше ортасында сөйлескеніміз басшылыққа жетіп сөгіс алдым. Медетпен неге сөйлесіп жүрсіз? – деген ескерту алдым. Не бүлдіріп едің? Неге жұмыстан қуылдың? – дегеніме .


– Апай-ау сол бірінші тоқсанда тоғыз сағат берді. Оған да көніп істеп жүріп бір сенбі күні мына кішкентайды Астанаға дәргерге қаратуға апарғанмын. Сенбі күні сабақ та жұмыс та жоқ. Және менің тоғыз-ақ сағатыма не керек сенбіде жұмысқа барып? Денсаулығына байланысты Астанада тіркеуде тұрмыз. Справкамыз бар. Дәргерге қаралғандық туралы дәлел бар. Бес күндік оқу аптасына ауысқалы сенбі жұмыс күні болып есептелмес.

– Сосын....

– Сосын дүйсенбі күні келсем директор мені шақырып алып менің сыртымнан приказ шығарып "Жұмыстан боссыз, үш сағат жұмыс уақытысын босптқаныңыз үшін" деп еңбек кітапшамды бекітіп тастағанын айта отырып, қосымша ұялы телефонының дауыс бағдарламасын қосып отырыпты. Мысқылдап күлгеніне намыстанып... 

– Үйбай сосын....

– Сосын мен аяқ асты, төбеме жай түскендей болдым. Және оның даусымды жазып отырғанын біліп тұрдым. Еркек емеспін бе? Төбелескім де келді. Аямай алты мәрте боқтап алдым.

– Не деп боқтадың?

– Естімей ақ қойыңыз апай!! – деп бір күліп алды.

– Сосын...

– Сосын үйге қайттым. Жұмыссыз қалдым. Ауылдық учасковый қызметкеріне 12000 теңге айыппұл төлеп құтылдым. Әр боқтағаным 2000 теңгеден есептелген болу керек... бір рет боқтап 2000төлеп жүре беруге болады екен ғой...

– Ой шегім-ай. Жүгермек. Енді айыбыңды өтедің. Кешірім болды. Тарихшы маман әсіресе ер мұғалім мектептерге керек. Көрші ауылдарға өтін! Болмайды. Сендей алтын ұлды мұғалімдік мамандықтан аластату ұлы қателік.

– Апай, үй өтпей тұр. Сатуға қойдым. Балалар жас. Келіншегім де жұмыссыз. Алты жылда қаншама семинар курстарға бардық. Қаншама диск кітап сатып алдық. Мұғалім болам ғой. Бір жұмыс табылар. Қыстан шығайық. Балығым өткен соң қайта кетем. Көмір түсіріп кетуім керек, – деп ағынан жарылды. 

МЕДЕТТІҢ келіншегі де көргенді жердің қызы. Екеміз сөйлесіп отырғанда шайын құйып беріп іштей езіліп отырғанын байқадым. Қандай қиыншылық болса да мойымайтын Медеттің үйде жоқтығын, жұмыс жоқтығын білдіртпей отырған алтын келіншектің сыртынан сүйсініп отырдым.

– Жаңа жыл құтты берекелі жыл болсын бауырым!. Сен аман болсаң дүние түгел. Қызмет қолдың кірі ғой. – деп тілегімді айттым.

– Апай басыңа күн туғанда бәрі түсінікті екен... Жұмыссыз қалдың, не істеп жатсың? қалің қалай?  – деп бірге жүрген жолдастарым ешқайсысы сұрамады. Сізге көп рахмет үнемі қолдап жүресіз. Балаларыңыздың қызығын көріңіз. Қыстан аман шығайық! –  деп аңқылдаған әрі дос, әрі бауыр, әрі әріптесімді қимай қоштастым. 


Медетімізді қайта жұмысқа тартудың амалы қайда дерсің??? Жыл басында өзім де шарайнадай шайқалдым. Қалада болса табар едік ғой. Ауылда отырып еңбегіңен айырылуды менен артық кім түсінер деп жазып отырмын. Бәле жала қулық-сұмдықтар бізді айналып өтпей неге үйір екен түсінбей-ақ қойдым. Торғайлық Медетім. Сендер керемет тарихи жерден шыққан Амангелді Иманов, Ахмет Байтұрсыновтай арыстардың еліненсіңдер! Сендерге қайда жүрсеңдер де Алла жар! Тек ұстаздық кәсібіңді жалғастырғайсың. Сендерді аналарың бәрін салып оқытты үй қылып отау шығарды. Енді мына ауыр күннен де өте шық бауырым, демекпін.


# Көшіріп басуға ұлқысат. Жұмыстан айырыла көрмеңіздер!


Сәнді Ақылай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 807    Пікірлер: 0

жұма, 11.01.2019, 11:08

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31