Сен тұр - мен айтайын!

Аварияға түсіп қалғанда біреу сені соткасына түсіріп тұрса, ұнай ма саған?

  • Аварияға түсіп қалғанда біреу сені соткасына түсіріп тұрса, ұнай ма саған?

    Аварияға түсіп қалғанда біреу сені соткасына түсіріп тұрса, ұнай ма саған?

Кешкі 5 кезінде Бақытжан деген досым звандады. Ентігіп тұр. Әлденеге ашулы. «Алтын Орданың» қасынан қасынан өтіп бара жатқанда тура көз алдында авария болыпты. Ішіп алған біреулер қасы бетке шығып кетіп, «Кианы» кеп соққан. Қатты соққаны сонша, әлгінің сарт ете түскен дауысынан құлағым бітеліп қала жаздады дейді. Мәшиненің моторы бір жаққа ұшып кеткен. Маңайдың бәрі у-шу. Мәшинесін қоя салып көмектесейін деп жүгіріп барса, жаңа ғана авария болған жерге едәуір адам жиналып қалыпты. Кейбіреуі не істерін білмей мәңгіріп тұр. Қалғандары түк көрмегендей соткасына түсіріп жатыр. Тағы біреулері мерседестегілер кінәлі деп, қатты қиналып жатқан адамға қарап күліп тұр дейді. Өзі әрең дегенде жедел жәрдемге қоңырау шалып, мәшинедегі қысылып қалған жігітке көмектескісі келгенімен, алып шыға алмапты оны. Үй өртеніп жатса, біреу суға батып бара жатса, көмектесудің орнына соны қызық көріп, соткасына түсіріп тұратын міскіндерге күлуші едік, тура сондай әдет бізге де келіпті. Мұндай кезде қарап тұрмай, жүгіріп барып көмектес. Ондайға жүрегің шыдамайды екен, жедел жәрдем шақыра бер. Бір жағына шығуың керек. Ертең сол жағдай сенің басыңа да келуі мүмкін. Адамның күні адаммен деген ғой. Сен сөйтіп аварияға түсіп қалғанда біреу сені дәл солай соткасына түсіріп тұрса, ұнай ма саған? Түк көрмегендер ғана сөйтеді. Осындай жағдайда адамға қалай көмектесуге болады, қайтіп құтқарып қалуға болады – осындайды мектептен бастап үйрету керек сияқты. Оқушы кезінен бастап бәрін оқытып, үйретіп жібермесең, қызықтап қарап тұрғаннан басқа түк те білмейтін мақұлықтар көбейіп бара жатыр!


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 397    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 05.11.2018, 11:03

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30