Сен тұр - мен айтайын!

Әй, мынау батыр туатын құйрық қой, тездетіп байға шық

  • Әй, мынау батыр туатын құйрық қой, тездетіп байға шық

    Әй, мынау батыр туатын құйрық қой, тездетіп байға шық

Осы атамызды көрсем бір оқиға еске түсіп кетеді. Томпақтығы өзіне жарасатын, әдеміше келген әріптес қыз бар. Сол қыз көшеде келе жатса біреу сыртынан келіп жамбасынан сарт еткізіп, алақанмен бір ұрған ғой. Қыз шошып кетіп жалт қараса, мына кісі саспайды дейді. «Әй, мынау батыр туатын құйрық қой, тездетіп байға шық» депті. «Не күлерімді, не жыларымды білмей қалдым. Содан кейін артымнан біреу келіп жамбасымнан сарт еткізетіндей қорқып, жалтаңдап жүретін болдым» деп күледі. Сол оқиғадан кейін екі ай ішінде күйеуге шығып, қазір 2 балалы болды. Біз «атаңның алақаны тимесе жүре берерсің. Тілегі қабыл болыпты",- деп күлеміз. Арамызда күйеуге шықпаған қыздарға «барып ең болмаса қолыңды ұстатып қайт, бұл кісі жәй адам емес жол ашатын «шлагбаум ата» екен» деген әзіл орнады. Бүгін "Аттан атамызды" фб-да көріп, сол баяғы оқиға еске түсіп кетті)). Əрі қыздардың құлағына алтын сырға))



Ерлан Жұрынбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 5720    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 28.02.2018, 13:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30