Әй, сендер мені қашан емдейсіңдер?
Бір кісі өмір бойы мал бағып, жылқы ұстапты. Қартайған кезде аздап ауырып қалып, балалары оны Германияға емделуге жіберген екен. Мал деген жетеді. Әкесінен аясын ба! Германиядағы емделетін жерге барғаннан кейін, бір күні таңертең оған немістер саумал алып келіпті. «Ее, мені қазақ деп сыйлап жатқаны шығар» деп ойлапты да, саумалды сіміріп алады. Түс кезінде де, кеш батқанда да саумал береді. Ертеңінде тағы саумал алып келіп тұр екен. Ана кісі аң-таң болып: «Әй, сендер мені қашан емдейсіңдер?» деп сұраса, немістер оған «Сізді қымызбен емдеп жатырмыз ғой» депті. «Өй, ептібаймайт, ондай қымыз өзімде де бар ғой, кеттім ауылға!» деп, әлгі ақсақал сосын ауылына қайтып кетіпті дейді...
Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан