Сен тұр - мен айтайын!

Аяз атаңыз исламды қабылдап алса да, жыл санау жалғаса береді

  • Аяз атаңыз исламды қабылдап алса да, жыл санау жалғаса береді

    Аяз атаңыз исламды қабылдап алса да, жыл санау жалғаса береді

"Менің санам құлдықтан азат. Қайдағы бір аяз атаға сеніп, жаңа жылды тойлап көрген жоқпын. Сол үшін шексіз бақыттымын " деп жазып жатыр ғой . Құлдықтан азат, жаңа жыл тойламайтын сол кісілер құжатты қалай толтырады екен? Жарайды, сақалды,мейірімді мифтік кейіпкерге сенбей -ақ қойсын,бірақ әлемдік жыл санаудан қайтып азат бола аласың ? Наурызда жыл кіреді деген күннің өзінде, қаншасыншы жыл келеді соны айтыңызшы. 2018 жылды наурызда кіреді деп күлкімді келтірмей-ақ қойыңызшы . Егер шынымен азат ойлы болсаңыз, Исустың жасына наурызда келетін жыл үйлеспеуі тиіс. Сосын хиджраны да қыстырмай, анаааау ата -бабаңыздан бері саналып келе жатқан жылдың ретін айтып беріңізші .Сонда сіз айтып отырған құлдық қамытын мойнымнан сыпырып тастайын . "Жаңа жылды мойындамаймын" деген сөздің өзі уақытты мойындамаймын дегенмен бірдей . Жыл санау, ол кәдімгі таймер ғой. Сағат түскі бір, яғни 13-00 болды дейік. Осы кезде кейбір кеңселерде түскі үзіліс басталады. Барып алып мен уақыт категориясынан азатпын, құл емеспін, үзіліс- мүзілісіңізді білмеймін, шаруамды бітіріп бер деп айта аласыз ба? Жыл деген сәттер мен сағаттардың, тәуліктердің жиынтығы ғой. Жылды санамаған кездердің өзін қазір біздің эрамызға дейін деп бөліп қарастыруға тура келеді. Енді білдей бір білімді тарихшы адам құлдық сана және азат ой деген ұғымдарды жаңа жылды меркелеу мәселесіне апарып теліп қойғаны тіпті ақылға сыймайды. Аяз атаңыз исламды қабылдап алса да, жыл санау жалғаса береді. Уақыт пен кеңістік категориясынан азат болу үшін сізге жердің тартылыс күшіне бағынбай, рух болып аспанға ұшып кетуіге тура келеді.


Айнұр Төлеу

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1278    Пікірлер: 3

жұма, 29.12.2017, 11:56

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31