Сен тұр - мен айтайын!

Әйел еркек бола алады, еркек әйел бола алмайды

  • Әйел еркек бола алады, еркек әйел бола алмайды

    Әйел еркек бола алады, еркек әйел бола алмайды

 Алла тағала әуел баста әйелді ерге тәуелді етіп жаратқан. Тәуелді дегенде, тек айтқанымен жүріп-тұруда емес, бар жағынан - ішіп-жемі, баспанасы, киімі, ал ең бастысы - қауіпсіздігі жағынан тәуелді етті. Ер - әйелдің қорғаны болған. Бұрын. Әуел баста. Алла тағаланың мінсіз әлем жоспарында ері жоқ әйел болмауы тиіс еді. Әуел баста.


Жаратушының бұл мінсіз балансы оқтын-оқтын бұзылып тұрды. Жаугершілік замандарда. Ер-азамат түгел ұрысқа кеткенде, ана функцияның бәрі әйелге қалады. Соғыс бітеді, ерлер қайтып оралады, баланс қалпына келеді. Бірақ, ондай жағдай жиілей берді. Әйелдің мойнына түсетін еркек функциясы көбейе берді. Бастапқыда, азаматы соғысқа кеткенде еркек кейіпке көшіп, ол оралғанда қайта әйел бола салу оңай болғанымен, заман өте, ғасырдан ғасыр оза бере, әйелдің бойындағы ол қасиет мутацияға ұшырады. Ендігіде, бәленбай жыл еркектің міндетін орындап келіп, қайтадан әйел бола сау қиынға түсе бастады. Гендік деңгейде.


Әуел баста үңгірдің сыртына келіп тұрған жыртқыштан азаматы қорғап қалады деген сенім болмысынан санасына сіңіп жаралған әйел, заман оза ол жыртқыштан өзі қорғануға мәжбүр бола бастады. Ықылым замандарда ас-ауқатты азаматы әкеледі деген сенім қанына сіңіп жаралған әйел уақыт өте, сол ауқатты өзі табуға мәжбүр бола бастады.


Заман оза, жаратушының әуел бастағы адамды жұбымен жаратқан мінсіз моделі де өзгерді. Жалғызбасты әйелдер көбейді. Оның себебін қазбаламай-ақ, факт ретінде қабылдаймын.


Заман озды. Әйел ермен теңесті. Бірақ, азаматтар соны әлі қабылдағысы келмейді. Әйел баласы өзінен төмен тұрғанын қалайды. Тек, сенен төмен тұратын - саған тәуелді әйел. Ішіп-жемі мен баспанасын, киім-кешегін сен қамтамасыз етіп отырған, ал ең бастысы - сенің қасыңда өзін қауіпсіз сезінетін, намысы мен абыройын сенің қолыңа беріп, сен барда ешкімнен жаман сөз естімейтініне сенімді, сен барда есігінің сыртына келіп тұрған жауына қару алып қарсы шығуға мәжбүр болмайтынына сенімді әйел саған бағынады, сенен төмен тұрады, сенің бетіңе қарсы келмейді. Өйткені, бұл - әйелдің болмысы, бұл әйелдің генінде, қанында, әуел бастағы санасында.


Ал осының бәрін бере алмасаң - сен де жаратушының заңына қарсы келгенің, ендеше сен де бағынуды, табынуды күтпе де, талап етпе де.


Ал ана айтылған дүниенің бәрін өзіне-өзі жасап жүрген, ары мен намысын өзі қорғауға мәжбүр, жауынан да өзі ғана қорғанатын, тас қамалдай артына жасырына салатын азаматы жоқ әйелден, саған ешқандай туыстық қатынасы жоқ албаты бөтен әйелден бағыну мен бас июді талап ету - ақымақтық. Баланс бұзылған. 20 ғасыр бойы бұзылып келді. Енді оны қайта қалпына келтіру үшін тағы 20 ғасыр керек.


Ал әйелдің еркектен ең үлкен артықшылығы - әйел еркек бола алады. Еркек - әйел бола алмайды.


Так что, молчи, женщина, твой день - восьмое марта!


facebook.com парақшасынан 




Көрілген: 1337    Пікірлер: 0

жексенбі, 04.03.2018, 16:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    14 Желтоқсан, 12:54
    Мұзға айналған көз жасы
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31