Сен тұр - мен айтайын!

Әйелдер әлгі психологты әулие тұтып, етегіне жармасып, табанын сүюге әзір

  • Әйелдер әлгі психологты әулие тұтып, етегіне жармасып, табанын сүюге әзір

    Әйелдер әлгі психологты әулие тұтып, етегіне жармасып, табанын сүюге әзір

Тренинг - тренингімен, бірақ байқап, тернердің кім екенін зерттеп алып бармасаңыз, тура жолдан тайып кетуіңіз бек мүмкін. Сауатты, бір саланы толық меңгеріп, кемелденген адамның жөні бөлек. Ал, өзін-өзі "жасап" шыққан, "бұрын үйде отырған әйел едім, бүгін міне" дейтін психолог-сымақтардан абайлаңыз. Жақында құрбым сондайлардың біріне барып, шошып қайтты. Оны шошытқаны -"әйелдер әлгі психологты әулие тұтып, етегіне жармасып, табанын сүюге әзір" дейді. Ал ол болса, отбасындағы кикілжіңді шешудің қандай жолын ұсынды деңізші?!. "Лимонға көп ине шаншып, төсегің астына қой, шіріп кеткен соң лақтыр, сонда бәрі жақсы болады" деп үйретіп жатыр, келіншектер соны жазып алып, үйіне барып істегенше асық дейді.

Ау, бұл қара магияның тәсілі емес пе? Бұл - бір ғана тапсырмасы. Жалпы, әлгі жерде келіншектер психолог не айтса, тіпті біреуді өлтір десе де, дайын тұрғандай дейді. Тобырланып бара жатырмыз ба, қалай өзі? Бұрын әжелеріміз, аталарымыз ешкімге, ешқайда бармай-ақ бір отбасын айрандай ұйытып отырды ғой. Қазір неге біз өз отбасымызда мәселесін қайдағы біреудің ақылға сыйымсыз кеңесімен, (және де оған ақы төлеп алып) шешуіміз керек?

P. S. Айтпақшы, мен оның тапсырма дәптершесін әдейі қарап шықтым, басы Құран аяттарымен басталған, соңы буддаға ұласқан қойыртпақ бір нәрсе. Ең таңғаларлығы - оны елге белгілі қыз-келіншектердің қолдауы. Қолпаштап қасына еріп жүруі...


Mариям Абсаттар

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1527    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.02.2018, 12:07

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30