Сен тұр - мен айтайын!

Әйелдердің барлығы себепсіз жылай береді ...

  • Әйелдердің барлығы себепсіз жылай береді ...

    Әйелдердің барлығы себепсіз жылай береді ...

Əйел неге тез жылайды?


- Сіз неге жылайсыз? – деп сұрады кішкентай бала анасынан.

- Өйткені мен әйелмін – деп жауап берді анасы.

- Түсінбедім – деді ол.

Анасы баласын қысып құшақтап:

- Ешқашан да түсінбейсің... бірақ бұл дұрыс – деп айтады.


Кейін бала әкесінен сұрайды:

- Анам осы менің ойымша себепсіз жылайды, неліктен?

- Әйелдердің барлығы себепсіз жылай береді – деп әкесі қысқа ғана жауап қайтарды.


Бала есейіп, жігіт болғанда да осы сұрақ оның көкейінде жүреді. Кейін ол жұрт ақылына жүгінген данадан:

- Осы әйелдер неге оңай жылай салады? деп сұрайды.


Сонда əлгі дана оған былай жауап беріпті:

- Алла Тағала әйел затын жаратқан кезде оның ерекше болуын қаласа керек. Әлемнің ауырлығын алып жүру үшін оның иықтарын мықты қылып, еркелету үшін қолдарын назды еткен екен.


Бала босануды көтере алу үшін, көптеген бас тартушылық пен жәбірлерге төзу үшін оған ішкі күш сыйлапты.


Оған шаршаса да, ауырса да, тіптен оны тастап кетіп жатса да алға ұмтылу үшін серпін беретін, отбасының қамын жасап, аялау үшін, достарына көмектесу үшін мінездің тұрақтылығын беріпті.


Қандай жағдайда болмасын, тіптен балалары қатты ренжітіп жатса да оларды сүю үшін сезімділік берген. Сол себептен болар әйел адамда балаларды түсініп, дұрыс жолға жетелейтін ерекше күш бар.


Оған теріс қылықтарына қарамастан өз ерінің тірегі бола алатындай қайраттылық берген және оның жүрегін қорғау үшін оны сол еркектің қабырағасынан жаратқан.

Оған ақыл берген. Әйел жақсы еркек оны ренжітпейтінін түсінеді, тек кейде оның артында мығым тұра алатындығына сенімді болу үшін мықтылығы мен жігерлігін тексеріп қояды.


Сонымен қатар, Құдай әйелге жылауға мүмкіншілік беріпті. Бұл мүмкіншілігін ол қалаған кезде, кез-келген уақытта қолдана алады және бұл оның жалғыз кемшілігі.


Сен егер оның жылағанын көрсең, оны құшақтап, қалай сүйетініңді айт, егер ол одан бетер жылай берсе, демек ол бақытты!-деген екен.


Багдат Амангельды

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 906    Пікірлер: 0

жұма, 09.02.2018, 11:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31