Сен тұр - мен айтайын!

Әйеліме не айтамын, үйде бес балам бар, оларға не деймін?

  • Әйеліме не айтамын, үйде бес балам бар, оларға не деймін?

    Әйеліме не айтамын, үйде бес балам бар, оларға не деймін?

Бүгін дүкеннен шығып келе жатсам, егде жастағы ер адам жүрегін ұстап отыра кетті. Жүгіріп барып қолтығынан демеп, жедел жәрдемге хабарласайын деп телефонымды алып едім, шақыртқызбай қойды. Су ішкізіп, орындыққа отырғызып есін жинаттым. Түрі сұп-сұр болып кеткен. «Әйеліме не айтамын? үйде бес балам бар, оларға не деймін? Қалай беттеріне қараймын?» - деп күбірлеп отыр. «Аға, не болды, сонда да жедел жәрдем шақырайын» -деп едім, «жоқ, олар не көмектеседі дейсің, көмектессе ана пәлені құртсын» деп, ойын автоматын көрсетті. Құрылыстан алған бүкіл 170000 теңге жалақысын ұтқызып шығыпты. Молдаға, психологқа барса да, тіпті дәрігерлерге қаралып арнайы укол құйдыртса да осы құмар ойынды тастай алмағанына 25 жыл болғанын айтып жылап отыр. Осыдан бірнеше жыл бұрын ойынханаларды Қапшағай мен Бурабайға көшірген кезде үш жылдай қойған екен. Кейінгі 8-9 жылда әр екінші дүкеннің ішінде тұрғанын, жылына табысының 90 пайызын ұтқызатынын, осы құмар ойыннан құтылмағанын айтып өкініп отыр.


Осы заңсыз ойын автомат бизнесін ұйымдастырғандарға, тіпті сол бизнес үшін ғимаратын жалға беретін кәсіпкерлерге қылмыстық жауапкершілік көзделсе де Астанада құмар ойын бизнесі қызып тұр. Қызығын көріп жатқандар көзден таса. Ал шыжығын көріп жатқандар көз алдымызда. Тажал автоматтың әр 3-ші дүкенде еркін жұмыс істеп тұрғанына тікелей құқық қорғау органдары кінәлі.


Осы құмар ойын үшін асылып өлгенді де, жанұясынан ажырасқан адамдарды да естігенмін. Психологтар бұл дертке «лудомания» деп ат қойған екен. Осы бизнестегілер әр ғимаратта орналасқан ойын автоматынан орта есеппен құныққан 15 адамнан күніне 1 миллион тауып отырса, айына 30 миллион, ал, осындай 10-шақты ғимараттан 300 миллион табыс тапқандарға кез келген жоғарғы деңгейлі шенеулік «крыша» бола алады. Оларға тіпті айыппұл да «шыбын шаққан» сияқты сезілмейді. Сондықтан осы құмар ойын бизнесін ұйымдастырғандарға қылмыстық жауапкершілікті күшейту керек.


Жанұядағы бір адам ойын автоматына құныққан болса, оның ата-анасы, әйелі, бала-шағасы үшін ғана емес, ол жанұяның тіршілік деңгейінің құлдырауы мемлекет үшін де зиян. Тек спорт қана емес сонымен қатар құмар ойынға құнықпаған психологиялық дені сау адамның іс-әрекет нәтижелері де мемлекетімізді алдыға сүйрейді. Сол үшін мемлекет әр отбасының берекесі үшін де жауапкершілікті сезінуі қажет.


P.S. Құмар ойын автоматтары жабылсын!

Құмар ойын автоматтарын ұйымдастыратын кәсіпкерлерге және ойын автоматтары үшін ғимаратын жалға беретін адамдарға қылмыстық жауапкершілік күшейтілсін!


Ерлан Жұрынбаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 9171    Пікірлер: 0

жұма, 04.05.2018, 10:23

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31