Сен тұр - мен айтайын!

Әйеліңді танымайтын біреу көшеде бас салып құшақтап сүйіп жатса, жақсы ма?

  • Әйеліңді танымайтын біреу көшеде бас салып құшақтап сүйіп жатса, жақсы ма?

    Әйеліңді танымайтын біреу көшеде бас салып құшақтап сүйіп жатса, жақсы ма?

«Орыс халқының қатты азғындап кеткен себебі – мәдениет пен әдеп жоқ!» деп жазыпты, кеше бір жерде. Қазақ халқы да қазір тура сондай. Бұрын бірге істеген әріптес қызды көріп қалдым. «Мәәәссаған!» деп маған қарай құшағын ашып, ұшып келе жатыр. Сүйісіп кетуге шақ қалдық. Сосын менің жәй ғана жымиып тұрғанымды көрді де, аптығын басып, ақырын келіп аман-саулық сұрасты. Қазір осылай амандасу сәнге айналып кеткен. Бірін-бірі көптен бері көрмегендер сүйісіп амандасатынды шығарды. Онда да шетінен шөлп еткізіп өтірік сүйе салады ғой. Ана қызды мен де бас салып шөлпілдетсем болатын еді. Бірақ оған ұятым жібермеді. Осыдан екі-үш жылдай бұрын болса, сөйтіп амандасар едім. Сенің әйеліңді танымайтын біреу көшеде бас салып құшақтап сүйіп жатса, жақсы ма? Ол да біреудің әйелі, қызы, анасы ғой. Ал негізі бұлай амандасу – дінде де, дәстүрде де жоқ. Дінімізде де, дәстүрде де біреудің қызын (әйелін) бас салып құшақтауға тыйым салынған. Біз қазір бәрін керісінше істеп жатырмыз...


Жолымбет Мәкіш

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1417    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 13.12.2017, 13:31

Достарыңмен бөліс:

СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
10 Сәуір, 09:42
Байғұс ағылшын-ай!
3 Сәуір, 19:29
Бір қала - екі әлем.

Көп ашылған Көп пікір жазылған

2018
2008
2009
2010
2011
2012
2013
2014
2015
2016
2017
2018
сәуір
қаңтар
ақпан
наурыз
сәуір
мамыр
маусым
шілде
тамыз
қыркүйек
қазан
қараша
желтоқсан

Алаш Айнасы мұрағаты

Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30