Сен тұр - мен айтайын!

Айғыр қартайып бей-жайлық танытқанда, кей байталдар ойнас қылып кетеді...

  • Айғыр қартайып бей-жайлық танытқанда, кей байталдар ойнас қылып кетеді...

    Айғыр қартайып бей-жайлық танытқанда, кей байталдар ойнас қылып кетеді...

Жуырда бір кісімен сапарлас болдым. Білдей бизнесмен. Жасырақ кезінде зоовет бітірген, малшаруашылығы саласында қызмет істепті. Біраз тақырыпта әңгімені ағыттық. Қол бос, зеріккен адамға мұндайда әңгімеден артық ермек бар ма? Жылқы туралы сөз болғанда, мына бір жайтты айтып берді. Оны жазып, жарияламауды өзіме әрине айып санадым.


-Мына жылқыдан артық ақылды, кәззәп жануар жоқ - деп бастады әңгімесін.

-Ақылдыңыз жөн, кәззәп дегеніңізге жол болсын аға? - деп тіксініп қалдым. Енді ше, қазы-қарта жал-жаяңды біреу мансұқтап жатса.


-Асықпа, бала. Соңына дейін тыңда. Мына жылқы баққанда оларды үйірге бөлесің. Әр үйірдің өз айғыры болады. Оның өзінің аумағы, қарамағындағы жылқылары болады дегендей. Сосын сол айғыр қартайып, я болмаса, кей пәндауи нәрселерге бей-жайлық танытқанда, кей байталдар ойнастық қылып кетеді...


-Қойыңыз иии, не может быть?! Жануарларда да ондай бар ма не?

-Пөу! Болғанда қандай? Әрі тыңда. Жайылым кезінде байқағаным бұл. Таңғы сағат 04.00-05.00-тер арасында үйірдің айғыры екі құлағын төмен салбыратып "көз шырымын алады". Дәл осы сәтті аңдып тұрған байталдар зытып барып, өзге үйірдің айғырымен дәл сериалдардағыдай тірлік қылады. Таң ата өз үйіріне келеді де, дым болмағандай жайыла береді. Бірақ, өз айғырына екі-үш күн жоламайды. "Жігітінің" иісі кетпейінше қашып жүреді. Ойнапсың сен аттардың IQ-мен - дегенде -Туф бір! Мынандай нәрселерді байқап жүретін адамдарда да, оны істейтін аттарда да ес жоқ екен, - деп қисая кеттім.


P.S. Адам жылқы мінездес пе, жоқ әлде, жылқы адам мінездес пе? Тек осыны түсіне алмадым.


Олжас Беркінбаев

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 5535    Пікірлер: 0

бейсенбі, 05.04.2018, 14:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Шілде, 17:43
    Өйткені, ол ОЛ ғой.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31