Сен тұр - мен айтайын!

Әзірге бояу толы бетімді сүйгендердің іші өтіп ауруханаға түскенін көрмедім

  • Әзірге бояу толы бетімді сүйгендердің іші өтіп ауруханаға түскенін көрмедім

    Әзірге бояу толы бетімді сүйгендердің іші өтіп ауруханаға түскенін көрмедім

Бояу туралы басқа басқа еркектер сөз етіп жатса, шектен шығып кеттік пе деп қоям. Қыз боп етек жеңімді жиғалы өзі де титтей тұла бойымды, комплекс тұмшалап алды. Әлі күнге солай десем де болады. Мәселен, темекі тартып жүрген іспетті тістерім сары қоңыр түсті болды. Дәл танауымның астындағы төрт тісім күзгі жапырақтай қалт құлт етіп біраз тұрды да, түсіп қалды. Орнына маржандай әппақ жасанды тіс қойдырдым. Міне, бұл бір деңіз. Иә, бұл бір бояу. Балауса қыздың жүрегін жаулаған махаббатын тексеріп, "любит, не любит" деп жұлған түймедақ гүлінің күлтесіндей әр жерден бір "бой көтерген" қастарымды қара қаламмен сүрмесем, өзге түгіл өзім қорқам, қассыз бейнемнен... Екі деңіз! Одан кейін ақ қағазға жазған хаттай болып, бетімді секпіл торлады. Тонал жақпасам, дәл торлама қауын! Ал көзімді боямаған күні бәрі демін ішіне тартып, аянышпен қарап: "қай жерің ауырып жүр?" деп мүсіркейді... Енді осыған 1 м, 44 см бойымды қосыңыз. Оған әлемдегі ең биік, тұяқ іспетті тәпішкелерім куә. Жай табан киіп көргенмін, адамдар автобустан түсіп, қызықтап, қоймаған соң , тек биік өкше киетін болдым... Енді адам болған соң мен сияқты кем кетігі бар бойжеткендер боянбағанда, кім боянады?! Әзірге бояу толы бетімді сүйгендердің іші өтіп, инфекция ұстап, ауруханаға түскенін көрмедім... Сырт айналып түкіріп тастайтын шығар, кім білсін?... Түнде маскамызды жуып жатамыз. Солай!


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 540    Пікірлер: 0

жұма, 05.10.2018, 11:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31