Сен тұр - мен айтайын!

Бабасы ұрандап келе жатса жаттап алмақ, ертең шежіре жазғанда керек болады

  • Бабасы ұрандап келе жатса жаттап алмақ, ертең шежіре жазғанда керек болады

    Бабасы ұрандап келе жатса жаттап алмақ, ертең шежіре жазғанда керек болады

Баяғыда бір еріккен қазақ балық аулап отырса алтын балық түсіпті дейді. Балық: жіберші, үш тілегіңді орындаймын деп қиылады. Балықшы ары ойланады, бері ойланады, бәрі бар. Ақыры: Әй, балық, менің жетпіс жеті атам түгел батыр болған! Соның ішінде Қорабай дегені, тіпті, сұмдық қырыпсал бопты. Ойратты қойша, қалмақты құсша қырыпты. Сол бабамды көзіме бір көрсетші, сосын жібере саламын , - дейді. Мақұл, - деп балық келіседі, - ал, қарап ал!

Сауыт-сайманы күнге шағылысқан бір алып анадай жерден тұлпарымен құйғытып өте шығады.

- Ал енді сөзіңде тұр, жібер, - дейді балық.

- Тоқта! -дейді әре-сәрі күйдегі қазекең. - Атам тез шауып өте шықты, жүзін көре алмадым, қайта бір өткізші? Шабысын сәл ақырындат...

- Мақұл. Балықтың сыйқырымен әлгі батыр тағы бір, баяулау шауып өтіпті. Балықшы бабасының жүзін тағы дұрыс көре алмай қалады. Бастысы бұл оған ұқсай ма, жоқ па? Үйдегі өзіне екі тамшы судай ұқсас Қорабай батырдың портреті ана дүниедегі батырға келе ме? Келсе, ағайынның бәрі қызғаныштан арам қатар еді.

- Әй, балық, тілек үшеу, атамды дұрыстап, жүзін көретіндей етіп тағы бір өткіз! Әйтпесе, қуыра саламын!

Сөйтіп, сауыт-сайманы саудыраған батыр үшінші мәрте, алыстан, кинодағы баяу кадрдей созыла, тым баяу шауып келеді дейді. Бет-жүзін анық көрген ұрпағы батырдың дауыстап келе жатқанын шала естіп, құлақ түріпті. Бабасы ұрандап келе жатса жаттап алмақ, ертең шұбыртып шежіре жазғанда керек болады.

Сөйтіп тыңдаса бабасы:

- Ә-ә-й, ит-тің ба-ла-сы, ме-нен басқа ба-тыр тап-па-й қалдың ба?! За-манын-да жалғыз шауып жау қуған Қо-о-ра-бай көл басында жал-бақ-тап, ат үстінде дал-бақ-тап жын қуып жүр деп әруақ біткен күлкі етті ғой, ә-кең-нің да-а-қ...

Қабағынан қар жауған бабасының сөзінен шошыған балықшы селт етіпті, қолындағы алтын балық суға шолп етіпті.


Serik Abikenuly

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 451    Пікірлер: 0

сейсенбі, 04.12.2018, 11:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31