БАҚЫТТЫ БОЛҒЫҢ КЕЛЕДІ МЕ? БОЛ!

БАҚЫТТЫ БОЛҒЫҢ КЕЛЕДІ МЕ? БОЛ!

“Хочешь быть счастливым, будь им” деген сөзді бір кездерде оқып, ойланып қалып едім.. ФОРМУЛАСЫН ТАПТЫМ: Күніне 24 сағат, айына 30 күн, жылына 365 күн, қанша жыл өмірің бар болса аяғына дейін күліп, бақытты болып жүргіңіз келеді ме?
Ойлап-ойлап, оқып- оқып, тыңдап-тыңдап ұққаным, күнде тұра сала және күні бойы істейтін 4 нәрсе маңызды екен. Сол кезде кез келген адам бай, бақуатты және бақытты бола алады екен.
1. Дұрыс нәрсені тыңдау
2. Дұрыс нәрсені ойлау
3. Дұрыс нәрсені айту
4. Дұрыс жүру
Өзін өзі керемет көңіл күйде сезінген адам кез келген шаруаны жапырып істейді, оның ден саулығы да жақсы. Адам алдына қойған арман- мақсатына қол жеткізген кезде керемет сезімге бөленеді. Қорытынды: Адам арман-мақсатына өзін -өзі жақсы сезінуі үшін жетеді. Ал жақсы сезінуді кез келген мезетте өз қолыңнан жасай аласың. Ол үшін осы ояна салысымен 4 нәрсені жасау керек және де күні бойы осыдан ауытқымау керек.

1. Дұрыс нәрсені тыңдау

Тұра салысымен көңіл көтеретін ән, әуен, өлең, күй, видеоролик тыңдау керек. Көңілге қаяу түсіретін, жылауық өлең, ән, әуен, хабарды мүлде тыңдамау керек. Жаман хабарды еріксіз не байқамай естіп қалсаңыз бірден ұмытыңыз да бірден жақсы нәрсені қайта тыңдай бастаңыз. Қолыңыздағы телефонға тек көңіл күй көтеретін рухты әуендерді, өлеңдерді, видеороликтерді жүктеп қойыңыз да, тыңдай беріңіз, тыңдай беріңіз. Жалықтырмау үшін жүздеген нұсқаларын тауып алыңыз. Түк қиын емес қой? Онда істеп көріңіз. Адам тыңдағанда миымен тыңдайды. Күні бойы, ай бойы, жыл бойы тек нәрселерді тыңдауға тырысыңыз ҮНЕМІ ЖАҚСЫ НӘРСЕНІ ТЫҢДАП ЖҮРГЕН АДАМНЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІ ДЕ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ.

2. Дұрыс нәрсені ойлау

Бұл енді қиынырақ шаруа, көбірек жаттығуды талап етеді, бірақ есесі бақыт болатын болса еңбектенуге болады ғой? Әр адамның басында 100 миллиард нейрон бар, әр нейрон 10 000 басқа нейрондармен синапс арқылы жалғанып жатыр.Енді 100 миллардты 10 000 ға көбейтіп көріңіз? Галактикадағы жұлдыздарың саны да жетпейді екен!! Осы баста әр милисекундтта ондаған ойлар келіп-кетіп жатады. Оларды басқара қою оңай шаруа емес. БІРАҚ БОЛАДЫ! Үнемі барлық назарыңызда тек жақсы ойларда ұстауға тырысыңыз. Жаман ойлар келе бастаса, бірден жақсы айларға ауыса қойыңыз. Біраздан кейін әдетке айналады. Күні бойы, ай бойы, жыл бойы тек жақсы ойларды ойлауғы тырысыңыз! ҮНЕМІ ЖАҚСЫ НӘРСЕНІ ОЙЛАҒАН АДАМНЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІ ДЕ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ.

3. Дұрыс нәрсені айту

Аузыңыздан тек жақсы сөздер ғана шығатын болсын. Өзіңізге: “Неге менің жолым болмайды? Неге маған дегенде қырсығып тұрады” Деген сөздерді ешқашан айтпаңыз. Басқа біреуге де жаман сөздер айтпаңыз. Жақсы сөз –жарым ырыс дегенді ұмытпаңыз. Күні бойы, ай бойы, жыл бойы тек жақсы сөздер айтуға тырысыңыз. Адам сөйлегенде миымен сөйлейді. . ҮНЕМІ ЖАҚСЫ НӘРСЕНІАЙТЫП ЖҮРГЕН АДАМНЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІ ДЕ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ.

4. Дұрыс жүру

Таңертең тұра салысымен, бірден жақсы әуенді тыңдап, ширақ қимылдап, еңсеңді көтеріп, басыңды тік ұстап жүруге үйрену керек. Езуіңізде үнемі күлкі жүретін болсын. Есіңізге түскенде бірден күліп, басыңызды, иығыңызды көтеріп, ширақ қимылдай бастаңыз. 1,5-2 сағат сайын бір жаттығулар жасауды әдетке айналдырып алыңыз. Тәні саудың –жаны сау дегенді ұмытпаңыз! Күні бойы, ай бойы, жыл бойы еңсеңізді көтеріп, тік жүруге тырысыңыз. Ширақ жүрген адамның денесінің әсері миына тікелей әсер етеді. . ҮНЕМІ ЖАҚСЫ НӘРСЕНІАЙТЫП ЖҮРГЕН АДАМНЫҢ КӨҢІЛ КҮЙІ ДЕ ЖАҚСЫ БОЛАДЫ.

ШИРЕК САҒАТ ШИРАП АЛУ

Бұл керемет әдеттерді игеріп алу үшін күн сайын, дүние күйіп кетсе де өзіңізге деген 15 минут табыңыз. Өйткені ол СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗ! СІЗДІҢ ДЕН САЛЫҒЫҢЫЗ! СІЗДІҢ БАҚЫТЫҢЫЗ!
Ал егер сіздің деніңіз сау, бақытты болсаңыз жақындарыңызға да бақыт силай аласыз!
Ең алдымен таңертең тұра салысымен наушникті құлаққа іле салып жақсы әуендерді тыңдап, билеп, жаттығу жасап, жақсы өлеңдерді Санаға сенім сөздерін дауыстап айта бастаңыз (Санаға сенім сөздерін Бизнес Бастау сайтынан жүктеп алсаңыз болады). Барлық назарыңызды тек алда болатын жақсы жетістіктерде ұстаңыз. Жұмыстардың жемісін қолға алып, жеп жатқан көңіл күйде болыңыз.
Сенбейсіз бе? 3 күн осына жасап көріңіз де, әсерімен менің парақшамда бөлісіп көрңіз. Оған сіздің түгіңіз шықпайды, есесіне өміріңізге бақыт силауыңыз мүмкін!

Құрметпен Ахметбек Нұрсила 

Бақыт тілейтін жандарыңызға тарата жүріңіз!

Фейсбуктегі парақшасынан

 


 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста