Бала дін мәселелерін түсіну үшін де белгілі бір жасқа жетіп кемелденуі керек
Бір жақты кетуге болмайды. Бала дін мәселелерін түсіну үшін де белгілі бір жасқа, белгілі бір пайымдау деңгейіне жетіп, өсуі, кемелденуі керек. Ондай деңгейге жетпеген кіттій баланы дінге жықсаңыз, оның санасы, ойлау жүйесі, менталитеті қайсыбір діни-мифологиялық, діни-эсхатологиялық, иррационалды және фаталистік нәрселермен қалыптасып кетеді де ол баланың мына ғылым мен технологиясы дамыған заманмен үйлесуі, қоғаммен сіңісуі қиын болады. Жастар алдымен білім алсын, математика мен физиканы, биология мен химияны, басқа да позитивті ғылымдардан хабардар болсын, гуманитарлық саладағы пәндерді оқысын, тіл үйренсін, әлемді көрсін, ойлау және талдау қабілеті жетілсін, экономика мен ИТ технологияларын да білсін, содан соң ол балаға дінді оқытсаңыз қайсысы дұрыс, қайсысы ақылға қонымсыз бірден ажыратып ала алады, ал сәби кезінен дінге жығылған балада ондай қабілет, критикалық көзқарас, ғылыми әдістер қалыптаспағандықтан діннің мәселелерін қаз қалпында қабылдайды, пәленбай ғасырлар бойы сан мыңдаған авторлар жазып дінге енгізе берген нәрсенің бәрін (олардың арасындағы қайшылықтарға қрамастан) со қалпы қабылдап, өмір сүрген заманы мен өзі өмір сүргісі келетін заманы екі түрлі болып, ылғи да қиналыста, күйзелісте болады...
Мұртаза Жүнісұлы
Фейсбуктегі парақшасынан