Сен тұр - мен айтайын!

Бала туып, быттиған порымыма қызығып тұрғанын ұқтым...

  • Бала туып, быттиған порымыма қызығып тұрғанын ұқтым...

    Бала туып, быттиған порымыма қызығып тұрғанын ұқтым...

Ұлымды мектебіне шығарып салдым. Сигарасын сораптай сорған сұлу, әспеттеп қидырған шашын артқа қарай бір сілкіп, қымбат көлігінен түсті. Кірпіктері көк тіреп, ақ мақтадай үлбіреген жүзінен универде бірге оқыған қыз екенін таныдым. "Карьера қуған қу" деп естігем. Танымағансып, теріс қараған соң үндемедім. Біз өкшесін асфальттың нотасына салып, әуезді жүрісінен ән әуелеген көзілдірікті кербез құндыз тонының алдын ашқан күйі тоқ балтыры тырсылдап, миығынан күліп қасында тұр. Бұл екі қызды да таныдым. Жастары 40 қа жете қабыл, бірақ, әлі тұрмыс құрмаған сылқымдар. Қыпша бел, мықын, қылықтары неткен керім еді! Жеңіл күртешемнің жағасын көтерген күйі бүрсеңдеп бара жатқаныма мысқылдай қарағандарын сезіп тұрмын. Зәулім үй, қымбат көлік, шетелдегі есепсіз демалыстары туралы айтып тұр. Менде мұның бірі де болмағанын ойладым. Шаршаңқы жүзімді төмен салып, май қарнымды білдірмес үшін ішегімді тартып, әзер кетіп барам. Кенет "Мама" деп айғайлаған дауысқа жалт қарадым. Ұлым екен. "Сізді жақсы көретінімді айтпаппын ғой" деп, жақын келді де, бетімнен шөлп еткізіп сүйіп, қайтадан мектебіне жүгіре жөнелді. Осы сәт шексіз есеп қисаптың жан жылуының қасында әдірәм қалғанын ұқтым. Жылдар ойнақ салған жүзімді тік көтердім. Құлын мүшесі бұзылмаған әлгі қыпша бел екеудің бала туып, быттиған порымыма қызыға қарап тұрғанын ұқтым... Алла, бақытымызды көп көрмеші!!!


Куралай Сейсенбеккызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 3361    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 11:55

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30