Сен тұр - мен айтайын!

Балаларға сапалы ән жазуға мемлекеттен арнайы жағдай неге жасалмайды?

  • Балаларға сапалы ән жазуға мемлекеттен арнайы жағдай неге жасалмайды?

    Балаларға сапалы ән жазуға мемлекеттен арнайы жағдай неге жасалмайды?

Дауыс көтеріп, керісе кеткен әке-шешесіне: «Құлағыма қиянат жасадыңдар, ол жаман сөз естімеуі керек еді», дейтін баладай, бүгінгі эстраданың көп жұлдызына тыңдармандық құқығымды, сынымды, сөзімді айтқым келетін. Бірақ өзімді-өзім «Сары журналистикаға араласып қайтесің» деп тежейтінмін. Болмады. Өйткені олар балалардың бойын былғап барады.

Үйдің бар шаруасын демалысқа жиып қоятын әдетіміз ғой, сатып алатын заттар үшін үй жақтағы сауда орталығына бардым. Кірген тұста тамаша алаңы бар-тын. Оны көркемдеп сахнаға айналдырыпты. Көңілді музыка ойнап тұр, адамдар үйіліп қалыпты. Ортада жылтыр киім киген 10 жастың жобасындағы бала ағылшынша ән айтып жатыр екен. Баланың тілі тәтті ғой, әдемі үніне акценті жарасып-ақ тұр. Ортадан әрі өтіп, керек дүкеніме келдім. Кіріп бара жатып «мына балалар қазақша айтпай ма екен» деп күбірлеп қоямын. Арбаны сүйретіп, дүкеннің түпкіріне қарай тарттым. Музыканың дауысы да бәсеңдеп, құлағым тынышталып қалды. Қажетімді түгендеп, кассаға ақша төлеп шықтым. Музыка анық естіле бастады. Темпі бәрібір шетелдік, бар ойым – заттардың тізімін тағы пысықтау. Әлгі кішігірім сахнаға жақындаған сайын айтылып жатқан әннің сөзі қазақша шығып жатқанын аңғардым. Ақ кәстөмді сықитып киіп алған сары бала «Бұл өмірде жетісіп жүрген ешкім жоқ» деп «соғып» жатыр. Оның даңғырлаған аранжировкасына билеп тұр.

Әр буын өз уақытындағы әншілердің репертуарын қайталайды. Тыңдап жүргенін жаттайды. Өз ортасында орындайды. Дегенмен, бақылау болуы керек қой. Мұғаліміне іздеу салайын десем, мектпішілік шара емес, ал ата-ана сол сөзді тыңдап тұр ғой.

Өткен аптада шарлардан қолым қалт еткенде сараптамаға дерек іздеп, бірнеше мектепте болдым. 2-сыныптың оқушыларына «Сүйікті әнің қандай?» деген сұрақ қойылыпты, оған дәптерде жауап жазу керек екен. Бір қыз «Астанада жоқ-жоқ», деген ән ұнайтынын айтып отыр.

Ыңылдап ақша тауып жүргендер мені оқымайды да, оларға емес, менің сөзім мәдениет министрлігіне. Бала – болашақ, ал ертеңіміз үшін не істеліп жатыр? Балаларға сапалы ән жазуға мемлекеттен арнайы жағдай неге жасалмайды?

Музыка деген не, білесіздер ме? Ол – ең алдымен тәрбие, сонан соң таным, соңында терапия. Осы үш талапты қанағаттандырмайтын шығарма музыкаға емес, сананы улайтын құралға жатады. Адам қалыптастыру, ұрпақ тәрбиелеу тек ата-ана, педагог, осы екеуінің арасында жүретін Білім министрлігіне ғана емес, бүкіл қоғамға ортақ іс болуы керек. Оған әрбіріміз жауапты екенімізді сезінуіміз қажет.


Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 668    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.12.2018, 09:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қаңтар, 11:53
    Махаббат өлген...

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31