Сен тұр - мен айтайын!

Баланы алдыға салып, ата-ананы тонауға ешкімнің қақысы жоқ

  • Баланы алдыға салып, ата-ананы тонауға ешкімнің қақысы жоқ

    Баланы алдыға салып, ата-ананы тонауға ешкімнің қақысы жоқ

Айтпағым балалар байқаулары жайлы еді. Өткенде бір туысымыз хабарласыпты. "Әлгі құдайдан сұрап алған жалғыздан көрген көзі жақсымыз байқауға қатысқалы жатыр еді. Жюрилеріне бір ауыз айта ала ма екен? Бұрын-соңды бұндайға қатысып көрмеген бала... Десі қайтып, тауы шағылып қала ма деп..." Басқадан бағым жанбаса да жюриліктен "еңбек сіңірген" атағым бұларға да жеткен болу керек. "Байқауды ұйымдастырып жатқандар кім екен?" Аты-жөндерін ешкім танымайтын (кім екендерін құдай білсін) біреулерді айтты. Өткізіліп жатқан жері де құдай-оооу бір ит өлген жер! Қаланың қиыр шетіндегі бір ескі ғимараттің аядай бір бөлмесін жалға алған көрінеді. Әлгі жерде не бала киініп-шешінетін жер жоқ, не сахна жоқ дейді. Ал аты дардай - Республикалық байқау! "Су ішкен құдығыңа түкірме" дейді. Өзіміз де талай байқауларға жюри боп жүрміз ғой. Ондағы әділдік, баланың талантын шынайы бағалап, әділ бағасын беру - мүлде бөлек әңгіме. Ол туралы да айтылатын мәселе көп. Оны кейін айта жатармыз. Бүгінгі айтпағым, қазір осы балалар байқауларын кәсіп қылып алғандар жайлы. Бәрінің айтатыны бір нәрсе. Барлығы талантты балалардың жұлдызын жағып, үлкен өнерге қанат қағуына септігін тигізгісі келеді екен. Жарайды. Ол да жөн шығар. Бірақ сол байқауларды кімдер ұйымдастырып жатыр? Ол байқаулар қалай өтіп жатыр? Бұны қадағалап отырған біреулер бар ма? Бұл тұста ерекше айтатын бір мәселе бар. Ондай байқаулардың бәрі ақылы. Кемі бала басына 15 мың теңгеден төлеп қатысады. Ақылы болған соң...Үш жүз бала қатысса, оның жиырма шақтысы Бас бәйге алады. Жетпіс бала бірінші орын, жүз бала екінші орын, қалғаны үшінші орын. Пажалыста! "Құда да тыныш, құдағи да тыныш". Бір-бір мақтау қағаз жалкы ма? Ешкімнің реніші жоқ. Ал осы байқаулардың балаға берері бар ма? Әлде құры бекерге ата-ананың қалтасын қағу ма? Бұл мәселеге мектеп басшылығы да, оқу басқармаларындағылар да бас қатырып жатқан жоқ. Әйтеуір оқушы байқауға қатысып, жүлде алып келсе болғаны. Есеп бергенге жақсы. "Мектептегі пәлен оқушы Республикалық байқаудан жүлделі оралды" деп айту керек қой енді. Бір жолы әлдебір байқауға барып, әділқазыларының құрамын көріп, шок болғаным бар. Құдай-ау не өнерге, не көркемсөзге қатысы жоқ, үш қайнаса сорпасы қосылмайтын бір адамдарды қайдан тауып әкеліп отырғызып қойғандарына таңғалғаным-ай! Көсемсөз шебері, өнер майталманы деп таныстыра салады. Ондай көсемсөз шеберін көрсем, көзім шықсын! Ал енді сонааау еліміздің алыс облыстарынан арнайы осы байқау үшін ұшаққа мініп, пойызбен келетін балалар мен олардың ата-аналарына тіптен обал. (((((( Қалай болғанда да бұған бір шектеу қойып, қадағалау керек сияқты."Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді". Ата-ана баласы үшін аянбайтыны хақ. Алайда солай екен деп, баланы алдыға салып, оны тонауға ешкімнің қақысы жоқ.


Жанар Оразымбет

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 1308    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 07.03.2018, 12:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31