Сен тұр - мен айтайын!

Баланы киіндіреміз деп тырдай болдық...

  • Баланы киіндіреміз деп тырдай болдық...

    Баланы киіндіреміз деп тырдай болдық...

Базардан барымды алып, баламмен автобусқа отырдым да, баламның аяғына қарасам, жалаң аяқ отыр! Бірінші сынып­қа баратын баламның басына шапалақпен сарт еткіздім. «Әй, жаңа ғана базардан сатып әперген туфлиің қайда?!» – деп сұрадым. Сөйтсем, балам автобусқа мінерде аяқ киімін шешіп кірген екен ғой. «Өте мәдениетті», «өте тәртіпті» балам-ай, десеңші!


Дереу шопырдың шашын жұлып, қолына бермесем де, жанұшыра айқайлап, орта жолдан түсіп қалып, алқынып аялдамаға жетсем, өзім сияқты бір әйел тұр кішкентай баласының қолынан ұстап. Баласының аяғына көздерімді «қыдыртып» жіберсем, ой, Алла-ай, менің баламның туфлиін баласының аяғына кигізіп қойыпты. Жарылуға шақ тұрмын. Сонда да сабыр сақтап: «Сәлеметсіз бе, бейтаныс сіңілім? Мынау сіздің балаңыз ба?» – деп сұрадым. «Иә, өзім туғанмын», – деді ол. «Туфлиімен туған ба едіңіз?» – деп тағы сұрадым. «Иә, кейінгі кезде жоқшылықтың кесірінен киім-кешегімен туып жатырмыз».


Өзімді сабырға шақырдым. Қу жоқшылық менің де жағамнан алып жүр. Шиеттей бес баламды мектепке киіндіріп жіберу деген өзімізді тырдай, абыройдан жұрдай етіп бітті. Мектеп формасы деген мектеп директорларын байытып жатыр. Тігіншілермен келісіп қояды бағаларын.


«Бұл менің баламның аяқ киімі еді, автобусқа мінерде шешіп кетіпті», – дедім мен. «Тапқан – тапқандікі, ешкі – баққандікі», – деп тақылдайды баласы. Біздің бала момын, сүмірейіп, жалаң аяқ тұр. Енді мен ашуланып, аяқ киімге ұмтылып едім, анау қатын да қарап тұрмады, екеуміз жұлыса кеттік.


Бір кезде полицей келді. Аяқ киімдері жоқ, жалаң аяқ. Сөйтсек, «көз тимесін»» деп жалаңаяқ жүр екен. Біздің мәселемізді «әділ» шешіп берді. Туфлидің біреуін ғана алып берді. Бірін оның баласы, сыңарын менің балам киетін болды.


О, қу кедейшілік-ай, осыған да жеттік енді! Әне, әне, тағы бір-екі бала әкесінің кең костюмін ортақтасып киіп алып, мектепке бара жатыр. О, Жаратқан ием, сақтай гө-өр! 


Мұхтар ШЕРІМ


www.zamana.kz




Көрілген: 2732    Пікірлер: 0

жұма, 31.08.2018, 21:27

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл
    27 Қыркүйек, 22:40
    Сонда мен чёрт болдым ба?
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31