Сен тұр - мен айтайын!

Баланың тағдырынан бастықтың тағдыры маңызды қоғамнан жақсылық күту - бос иллюзия!

  • Баланың тағдырынан бастықтың тағдыры маңызды қоғамнан жақсылық күту - бос иллюзия!

    Баланың тағдырынан бастықтың тағдыры маңызды қоғамнан жақсылық күту - бос иллюзия!

Джемми Харис есімді ағылшын әйел баспалдақтан аяғы тайып құлап түсіп, есінен танып қалады. Бір жамандықтың болғанын іші сезген төрт жасар бүлдіршін дереу құтқару қызметіне телефон шалады. Төрт жастағы балапанға кім үйретті телефон соғуды? Құтқару қызметінің телефон номерін қайдан біледі? Ешкім үйретпеген! "Құтқару қызметіне телефон шалуды қайдан үйрендің" деген сауалға: "Өрт сөндіруші Сэм туралы мультфильмнен көрдім" деп былдырлап жауап қайырады батыр балапан! Және әрине анасын құтқару үшін перзенттік инстинкт басты рөл атқарғанын ұмытпау керек. Құтқарушылар дер кезінде жетіп, кішкентай қошақан анасының өмірін сақтап қалды! Осы жай ғана тұрмыстық оқиғаға ағылшын қоғамы қалай қуанды десеңізші! БАҚ әспеттеп жазды, xаншайымдары 4 жасар балаға "Батыр" деген атақ берді, тебіренген ел жылап жатты... Осы оқиға барысындағы "цепьті" қараңызшы: Анасын құтқаруға асыққан бала, оған әсер мультфильм желісі, тез жеткен жедел-жәрдем, жүрегі жарылардай қуанған қоғам, мейірімділікті қолдаған бекзадалар отбасы... Жанашыр қоғам қалыптастыру үшін көп дүние керек емес - бар болғаны адам және оның тағдырын бірінші орынға қою қажет. Ал бізде не? Жасанды билік , жасанды қоғам, жасанды адам! Қызметінен қорқып сарыағаштық лауазым иелері оқиғаны жасырып қалды, ел нөпірінен қорқып билік аналарды қызметінен алды. Неден, кімнен қорқады? Кез-келген дау - жалпыұлттық жанжалға айналып кетіп, біреулердің креслосы қозғалып кете ме деген ғана пасық, сасық үрей... Биліктің үрейі басылмай, мейірімді қоғам құру мүмкін емес!

Баланың тағдырынан бастықтың тағдыры маңызды қоғамнан жақсылық күту - бос иллюзия!


Дина Елгезек

Фейсбуктегі парақшасынан


 




Көрілген: 2120    Пікірлер: 0

жұма, 16.03.2018, 14:17

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    1 Желтоқсан, 16:21
    Тәртіп бар еді ол кезде
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31