"Бәрі бір біз орыссыз өмір сүре алмаймыз", - деп қояды
Пойыздамыз ғой.Қасымыздағы серігіміз жол қысқарсын деп Абайды сөйлетіп отыр. Ол бірдеңе деп жауап беріп қояды. Бір уақытта екеуінің арасында қып-қызыл дау басталып кетті.
- Абай сен орысша тақпақ білесің бе?
- Жоқ, мен қазақпын ғой, көрмей тұрсыз ба?
-Сонда да білу керек, ағылшынша үйренесің, енді міне жақында латын тілі қосылғалы жатыр,- деп байсалды үнмен Абайға ақыл айтып отыр әлгі кісі. Ішімнен латын қаріпі мен тілін ажырата алмайтындар да бар екен-ау деп ойлап қойдым. Маған бұрылып қарап : " балада орыс тілі десе үлкен агрессия бар екен. Неге олай тәрбиелейсіз, бәрі бір біз орыссыз өмір сүре алмаймыз" ,- деп қояды. Баламды тәрбиелеуге уақыт таба алмай жүргенімді қайдан білсін?!
Айнұр Төлеу
Фейсбуктегі парақшасынан