Сен тұр - мен айтайын!

Бәрі де адам жанының, санасының, ойының еркіндігінен басталады

  • Бәрі де адам жанының, санасының, ойының еркіндігінен басталады

    Бәрі де адам жанының, санасының, ойының еркіндігінен басталады

Бір ағай маған: «Сенің жазуыңнан ауылдың иісі шығады. Сондай еркін жазасың. Содан айырылып қалмашы», деп жанашырлығын білдірді. Осы сөзі 2 жыл өтсе де бірдеңе бастаған сайын ойыма орала береді. Және әркез сол сөзін алғаш естіген сәттегідей «Еркін жазу қалай болады?» деген сауалмен еске алам. Мен оған жақында жауап таптым. Жұмыста ғой, 1-ші қабатта «Егеменнің» кітапханасы бар, сонда бір еңбектің мұқабасында «Шынайылық еркіндік сыйлайды» деген сөзді көзім шалды. Көлік келіп қалған соң, асығыс шығып кеттім. Осы сөзді көп ойландым. Ойланған сайын ауқымы кеңейе түсті. Шынында солай ғой, беті ашық, жасыратыны жоқ, арты таза, бір сөзбен айтқанда бетперде кимейтін адам еркін. Неге? Өйткені оның бары сол, ол бетпердем түсіп қалады, мен масқара боламын немесе ұрлығым шығып қалатын болды демейді. Еркін жүреді.

Адамның бәрі өмірде өзін іздейді, түптің түбіне келгенде солай. Өзі дегеннің тереңінде кімнің тұрғанын санасы бар адамның бәрі сезетін шығар. Құдайдан жаратылып, анадан туғанда бәріміз тазамыз, пәк, бейкүнәміз. Алла бізге жүрек берді, жүрекпен қоса мейірім, сана, сезім берді. Болмыс берді. Мінез жүре келе қалыптасатын шығар, содан да ғой Абайдың «Адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» дейтіні. Ал болмыс Құдайдан. Біз бес күндік өмірде сол Тәңір берген құндылықтарды тіршіліктегі жеке қажеттіліктерге алмастыра бастаймыз. Ол бізге білінбейді. Айналамыздағы адамдар айғайлап жатса да естімейміз, құлап қалса да көрмейміз. Ол үшін Құдай бізге құлақ пен көзді емес, жүрек берген. Біз оған дақ түсіргенімізді аңдамаймыз. Әрі қарай жылжимыз. Көшеде кәдімгідей қолы жоқ адам қайыр сұрап отырады, көзге ілмейміз. Мейірім жоғалып бара жатыр, аңдамаймыз. Жаратқан бізге сана берген. Бірақ саналы әрекеттен саналы түрде бас тартатындар бар. Педофильдер соның айғағы. Барлығы арзандап бара жатқан қоғамда сезімнің де құны кеміп барады. Құдай бізге жанымыздағылардың қуанышын, қайғысын, күрсінгенін, сүйсінгенін көру үшін сезім берген. Бірақ біз одан да қол жазып бара жатырмыз. Біреуді көлік қағып кетсе, онымен бірге жанұшыра айғайлаудың орнына смартфонға түсіреміз. Сезім...

Мұның бәрі неден, түп тамыры қайда, білесіз бе? Сіз айтатын бейқамдық та, біз айтатын жанашырлықтың жоқтығы да, өзгелер айтатын құндылықтарды қадірлемеу де емес, бұл – болмысты жоғалту. Өйткені, қайталаймын, Құдай бізге жүрек берді, жүрекпен қоса мейірім, сана, сезім берді. Адам о бастан бойына біткен барынан баз кешкенде азғындай бастайды. Сен болмысыңды жоғалттың ба, бостан емессің. Адам ақиқатынан айырылғанда азаттығынан да қоса айырылады. Адам өзінің бетбейнесінен айырылмаған кезде еркін болады. Бәрі де адам жанының, санасының, ойының еркіндігінен басталады. Ал жаны, санасы, ойы еркін адамдардан құралған елдің еркіндігі баянды болады. Ұлт деген үлкен ұғым, бірақ ол әрбірімізден басталады. Тәуелсіздік деген үлкен ұғым, бірақ ол әрбіріміздің бостандығымыздан басталады. О бастағы болмысымызды жоғалтпайық, ол бізге еркіндік сыйлайды.


Айдана Шотбайқызы

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 572    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 19.12.2018, 13:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    22 Наурыз, 19:42
    Қайыршы болғым келеді
    18 Наурыз, 10:41
    Сөз түбі – тағдыр

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31