Сен тұр - мен айтайын!

Бәрі жансыз, бәрі қуыршақ. Сен де біреудің қиялында қуыршақсың

  • Бәрі жансыз, бәрі қуыршақ. Сен де біреудің қиялында қуыршақсың

    Бәрі жансыз, бәрі қуыршақ. Сен де біреудің қиялында қуыршақсың

- Нәстрәйениеңіз неге жоқ? - деп бүгін біраз адам сұрады.

- Оның маған не керегі бар? - дедім. Күлді...

Әр адамның қауашағында өз қуыршағы болады. Біреу емес, бірнеше қуыршақ болар. Оның бірі ашу шығарғанға керек. Өй бір өшіңді аласың-ау! Итше тепкілейсің! Ол қуыршақтың аты кейіпкеріне қарай сан ауысады.Өз-өзіңмен отырып, темекі шеккен кезіңде біреуі есіңе түсіп кетсе, темекіні қалай екі сорып, бітіре салғаныңды аңдамай қаласың. Тұра сала жаңағы қуыршақты соққыға жығып, айызың қанғанша сабайсың, жының қағылады, сабаңа түсесің...

Екінші біреуімен сырласасың. Кейде ол сені ұялтады, кейде сен оны... Көбіне оның ұпайы түгел болып жатады. Ол қуыршақ білген сырды жан адам білмейді...

Үшіншісі тіпті ғажап! Ол сенің тәтті қиялың! Оған шаң жуытпайсың, аялайсың, әлпештейсің. Оны жамандыққа қию былай тұрсын ол туралы жаман ой ойламайсың. Бүкіл өткен қателіктеріңді онымен қайталамауға тырысасың. Өзіңе де, оған да бір ертегі әлем сыйлайсың, ғажайып өмір сүресің...

... ол да жансыз қуыршақ, саған жылы жауап болмайды. Тек өзің ғана қиялыңа елтіп, сезіміңе шомылып жүресің.

Бәрі жансыз, бәрі қуыршақ. Сен де біреудің қиялында қуыршақсың. Бәлкім, ең жексұрын, өш алатын қуыршағы шығарсың...

Нәстрәйение...


Асқар Наймантаев

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 610    Пікірлер: 0

бейсенбі, 18.10.2018, 11:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    17 Қараша, 18:16
    Хиджап туралы нүкте
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30