Сен тұр - мен айтайын!

Барлық сауда және ойын-сауық орталықтарын тексерген жөн

  • Барлық сауда және ойын-сауық орталықтарын тексерген жөн

    Барлық сауда және ойын-сауық орталықтарын тексерген жөн

Кемер облысындағы қайғылы жағдайдан сабақ алу керек. Барлық сауда және ойын-сауық орталықтарын тексерген жөн. Балалардың ойын-сауық орталықтарына сырттан бірден кіріп-шығатын жеке есік болғаны дұрыс. Бүкіл сауда павильонын аралап жүру маркетинг жағынан тиімді шығар, дегенмен қауіпсіздікті де ойлаған жөн. Оның үстіне ондай жерде екі-үш баласымен жүретіндер бар. Бір баланың өзіне ие болу оңай емес. Біздегі қауіпсіздік деңгейі қандай екенін білмейміз. Ал құрылыс материалдары кілең тез жанатын материалдар.

Төтенше жағдай кезінде барлық есік ашық болуы керек. Бізде сол керісінше ме деймін. Алдыңғы жылы Күлікбаев оқиғасы кезінде тура сол сәтте "Глобус" сауда орталығында жүрген едім. Күзетшілер бәрімізді сыртқа шығара бастады, сонда негізінен алдыңғы есіктен шығарғаны есімде қалыпты. Ары-бері өткізбей, тек бір есікке бағыттаған еді. Ол кезде жәй ғана сақтық шарасы болды, ал шын мәнінде бір жағдай бола қалса, бүкіл адам бір есіктен шығып та үлгермейді.

Құдай бетін аулақ қылсын, бірақ бізде өрт қауіпсіздігін онша ойластыра бермей ме деймін. Амалбек Тшанов ағамыз осыны он бес жыл бұрын айтқан. Жібек жолы мен Қонаевтың қиылысындағы "Пассаж" сауда орталығы туралы айтқаны есімде қалыпты. "Анау үйлерде және сауда орталығында өрт болмасын деп тілегеннен өзге амал жоқ. Анау жерге өрт сөндіру көлігі де кіре алмайды" деген еді. Расымен де солай. "Сақтықта қорлық жоқ". Ал жазықсыз қаза болғандардың жаны жаннатта болсын.


Жұлдыз Әбділда

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 644    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 26.03.2018, 12:11

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Сәуір, 09:42
    Байғұс ағылшын-ай!
    3 Сәуір, 19:29
    Бір қала - екі әлем.

    Көп ашылған Көп пікір жазылған

    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30