Сен тұр - мен айтайын!

Бәрінен бұрын полицияны мықты қорғайды екенбіз ғой

  • Бәрінен бұрын полицияны мықты қорғайды екенбіз ғой

    Бәрінен бұрын полицияны мықты қорғайды екенбіз ғой

Бір туыстарымның шаруасымен аудандық ішкі істер бөліміне бардым. Миграция қызметіндегі есіктен әшейін басыңды сұғып сұрай салатын шаруа.

Алдымен бөлімшенің ауласына кіру керек. Кірпіштен салынған пост арқылы өтесің. Темір есік. Қоңырау түймесін бастым. Он секундтан есік ашылды. Ішке ендім. Тағы да темір есік. Жанында темірмен торланған терезе де бар екен. Онда үстінде бронежилет киген, қолына автомат ұстаған полицей.

-Сізге кім керек?

-Миграционный..

-Олар әлі келген жоқ.

Сағатқа қарасам 14:30. Шығып кеттім. 15:30да тағы да келдім. Қоңырауды бастым, есік ашылды, ішке кірдім. Полиция қызметкеріне тағы да шаруамды айттым. Телефоныңызды беріңіз деді, бердім. Екінші темір есік ашылды. Ол есіктің ар жағында аулаға өтетін тағы да темір есік. Оны да өзі ашып берді. Бөлімше ғимаратының есігіне келсем ол да жабық, кодпен ашылады екен. Жанында қоңырау түймесі. Оны қанша бассам да ешкім жауап берген жоқ. Қайта шығып посттағы полицейге келдім. Ол бара беріңіз өзім айтам деді. Барып тағы да күттім. Жоқ. Постқа қайта бардым.

-Аға коды “..” кіре беріңіз деді. Сол кодпен коридорға кірдім. Керек есігімді тауып қасына барсам “Есікті қағып кіріңіз” деген жазу бар екен. Есікті қағып кірдім. Екі бойжеткен отыр.

-Саламатсыздар ма, мен пәленшеевтің құжаттары келді ме біліп кетейін деп едім,-дедім. Қағазына қарап:

-Ия келді, куәлігін алып өзі келсін,-деді.

Шығып бара жатып жаңағы кодпен ашқан есігімді жаба алмадым. Ашық күйі тастадым да посттағы полицейге:

-Ана есігіңді жаба алмадым, өзің жабарсың қыздарыңды біреу ұрлап кетпесін, менің телефонымды беріңіз,- дедім. Ол бетіме қарап жымиып, жеті-сегіз телефонның ішінен менікін әрең тауып берді де есікті іштегі түймесін басып ашып берді.

Сыртқа шығып уфф деп тұрсам, артымнан жасы елуден асқан ер адам ашуланып, түтігіп шығып:

-Мынау полиция бөлімі ме өзі? Сонда мені біреу өлтірем деп қуып келе жатса, мен осыларға қашып келсем, есіктен кіргенше өлтіріп кетеді ғой,- деп бара жатты.

Ар жағын ести алмадым. Машинама жеткенше менің де басыма “Шынымен де, бізде банкте полиция жоқ, бір-ақ күзетші, есік ашық. Әкімшілікте полиция жоқ, бір-ақ күзетші, есік ашық. Сонда бұларға не қауіп төніп тұр, бәрінен бұрын полицияны мықты қорғайды екенбіз ғой” деген жымысқы ой жылтың ете қалды...)


Есет Калманов

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1530    Пікірлер: 0

бейсенбі, 08.02.2018, 13:32

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    11 Қараша, 19:42
    Несіне жылайсыздар?
    28 Қазан, 19:35
    VIP-АЖАЛ
    2 Қазан, 11:40
    Мұғалім туралы әзіл

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30