Сен тұр - мен айтайын!

Бәрінен жалыққан байларға өмірмен, ажалмен ойнаған ұнайды ...

  • Бәрінен жалыққан байларға өмірмен, ажалмен ойнаған ұнайды ...

    Бәрінен жалыққан байларға өмірмен, ажалмен ойнаған ұнайды ...

Метрода, поезда кітап оқып отырғам. Толстойдың «Арылу» атты кітабын бұрын оқығам. Таяуда бір қыз сыйға тартқан болатын. «Қайталап оқимын» деп, сөмкеме сала салғанмын. Негізі кітап оқығанда да, жазғанда да күй таңдайтын әдетім бар. "Метрода кітап оқып отырдым" дегенім артықтау енді, «түсетін станциямнан өтіп кетпейін» деп алаңдап, кітапқа көз жүгіртіп отырдым. Осы кезде қасыма таяп келген қайыршы әйелдің қолына тиын ұстатып, қайта кітапқа көз салдым.

– Сенің қолыңдағы кітап – маған ең ұнайтын кітап. Наташаның тағдыры – менің тағдырыма ұқсайды. Бір қызығы, менің де есімім – Наташа, – деп қайыршы әйел мұңлы жымиды.

Сосын: – Кітапты оқығанда Наташаны аяп, қатты жылағанмын. Бәлкім, өзімді аяп жылаған шығармын, – деп күрсінді.

– Үй қызметкері Наташаның тағдырын тас-талқан еткен бай жігіт кейіннен Наташаға үйленіп, өзінің жасаған күнәсінен арылмақ болады ғой. Мұның бәрі – жер бетінде әділдіктің орнауын армандаған Толстойдың арманы ғой. Бірақ... өмірде бәрі басқаша. Бәрінен жалыққан байларға өмірмен, ажалмен ойнаған ұнайды, – деп ол ұзақ әңгіме айтты.

Қайыршының үстінен шыққан күлімсі иістен қасымдағылар мұрындарын тыржита бастады. Шынымды айтайын, мұрынды жаратын күлімсі иістен басым ауырып, өзім де әзер шыдадым. Ол өзін-өзі жоғалтып алса да, жер бетінде ізгіліктің барына «соқыр сеніммен сенеді». Мен оған Толстойдың кітабын сыйға тарттым. Ол маған мен берген ақшаны қайтарып беріп жатқанда өзім сасып қалдым. «Сенен өзім оқығым келген кітапты алдым, ақшаңды да алсам, ұят емес пе?» деп қояды. «Толстойдың тағы да бір кітабын букинистен сатып аласыз» деп едім, «солай ма?» деп ақшаны қалтасына салып алды. Ол маған қайта-қайта қол бұлғап, поездан шығып кетті...

...Дәл қазір әлем жанына ізгіліктің дәнін себетін, адамдарды ізгілікке сендіретін жазушыға зәру-ақ.


Аягүл Мантай

Фейсбуктегі парақшасынан




Көрілген: 1897    Пікірлер: 1

сәрсенбі, 18.10.2017, 12:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    16 Қыркүйек, 16:17
    "Я тебя тоже люблю",- деді
    14 Қыркүйек, 12:38
    Бізді тонап отырған кім?

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2018
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30